Now Reading
Елорда әкімі баспанаға кезекте тұрған отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елорда әкімі баспанаға кезекте тұрған отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті

Елорда әкімі баспанаға кезекте тұрған отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында елордада баспанаға кезекте тұрған отбасыларға пәтер кілттері табыс етілгенін айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Біздің қала тұрғындарының тағы бір бөлігі Жаңа жылды көптен күткен пәтерлерінде қарсы алады! Бүгін үй кезегінде тұрған, көп жылдар бойы баспана кезегінде тұрған халқымызға пәтер кілті табыс етілді. Олардың ішінде жетім балалар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедектігі бар жандар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, т.б. бар.

Тұрғын үй кешені Алматы облысында (Ш. Құдайбердіұлы көш.) орналасқан. Бұл тұрғын үй кешенінен кезекте тұрған 200-ге жуық отбасы баспаналы болды. Көктемде осы аумақты абаттандырумен айналысамыз, ағаш отырғызамыз. Жалпы кезекте тұрған 2 мыңнан астам отбасы осы айда әлеуметтік пәтер кілттерін алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылы қолжетімді баспана саны 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін ұлғайтылды. Соңғы 3 жылда ғана қолжетімді баспана саны 5,5 есеге өсті. Мысалы, 2018 жылы 1800 пәтер салынса, 2019 жылы 2900 пәтер болса, 2020 жылы 7000-нан астам пәтер салынды. Алдағы жылдары да бұл көрсеткішті төмендетпейміз.

Жаңа – 2022 жылы тағы 10 мың әлеуметтік пәтер саламыз. Ол үшін қазірден бастап негіз дайындауға кірістік.

Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін баспана» бағдарламасын жалғастырып жатырмыз, биыл да жастарға арналған «Елорда жастары» арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.

Жаңа баспанаңыз құтты болсын! Әр отбасына амандық тілеймін!» – деп жазды елорда әкімі.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×