Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында емхана мен емдеу-оңалту орталығының құрылысы туралы хабарлады, деп хабарлайды.
«Қаланың дамуына жеке инвестицияларды, оның ішінде медициналық салаға тарту өте маңызды.
Елордада жеке қаражат есебінен емдеу-оңалту орталығы бар бес қабатты емхананың құрылысы жүргізілуде.
Ауданы 10 мың шаршы метр болатын жаңа медициналық орталық Алматының перспективалы салынып жатқан ауданында орналасқан (Қ.Әзірбаев және А98 көшелерінің қиылысы). Ол бір ауысымда 500-ден астам науқасты қабылдай алады.
Медициналық орталықта амбулаториялық және стационарлық көмектен басқа, әртүрлі аурулары бар адамдар үшін оңалту қызметтері де көрсетілетін болады. Осы мақсаттар үшін ауданы 3,5 мың шаршы метрден асатын емдеу-оңалту орталығы жұмыс істейтін болады. Медициналық мекемеде ересектер мен балаларға арналған бассейн бар.
Аталған емхана мен емдеу-оңалту орталығын салуға және жарақтандыруға 4,5 млрд теңге жеке инвестиция жұмсалады. Қала тұрғындарын медициналық көмекпен қамтуды арттыру үшін жеке медициналық орталықтарға субсидия бөлетін боламыз.
Сонымен қатар, бюджет есебінен «үйдегі дәрігер» медициналық орталықтар желісін кеңейтудеміз, медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз», — деп жазды елорда әкімі.