Бүгінгі күні әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елордада 113 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасасты, оның ішінде 76 клиника — жеке меншік. Сақтандырылған пациенттер осы тізімдегі кез-келген медициналық ұйымда емделуге құқылы.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтілгендей, МӘМС жүйесі «ақша пациенттің ізімен жүреді» қағидаты бойынша жұмыс істейді.
Пациенттің қандай да бір тексерулерден өту кезінде Қордың көрсетілетін қызметтерін берушілер тізбесінен медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар. Ол үшін учаскелік дәрігердің немесе өз емханасының тар маманының жолдамасы болуы қажет.
Қажетті медициналық қызметті алу үшін қормен осы қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан клиникалардың кез келгенін таңдауға болады.
Азаматтар мамандардың консультацияларын алуға, диагностикалық процедуралардан өтуге, соның ішінде жекеменшік медициналық ұйымдарда ақылы негізде емес, медициналық сақтандыру шеңберінде учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша өтуге мүмкіндігі бар. Олар алған қызметтер үшін төлемді Қор жүргізеді.
Сондай-ақ тіркелген жері бойынша емханада қызмет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда дәрігер осы қызметтерді көрсетуге бірлесіп орындау шарты жасалған басқа медициналық ұйымға жолдама беруі тиіс. Немесе пациент осы қызметті көрсететін қордың жеткізушілері арасынан медициналық ұйымды өзі таңдай алады. Онда учаскелік дәрігердің жолдамасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде автоматты түрде бірлесіп орындау шартын қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
«Бүгінгі күні Қор Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 113 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасасты, оның ішінде 76 клиника — жеке меншік. Жыл сайын жеке сектордың үлесі өсуде, нарықта елеулі бәсекелестік орын алуда. Бұл пациенттің ең жақсы клиниканы таңдау мүмкіндігі. Медициналық қызметтерді жеткізушілердің тізімі Қордың сайтында орналастырылған – fms.kz», — деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының елордалық филиалының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.
Қор сайтында fms.kz «пациент үшін» деген бөлімде «емхананы таңдау» деген кіші бөлімде ТМККК және МӘМС-те медициналық көмек көрсетушілердің тізбесі мына сілтеме бойынша орналасқан: https://fms.kz/kontaktnaya-informatsia/vybrat-kliniku/.
Тізімдерде сіз өзіңіздің тұратын аймағыңызды содан кейін қажетті медициналық көмек түрін таңдауыңыз керек. Сондай-ақ, мұнда мезгіл-мезгіл жаңартылып отыратын ЭКҰ, медициналық оңалту қызметтерін жеткізушілердің, бірлесіп орындаушылардың тізімдері жарияланады.
Консультациялық-диагностикалық қызметтерді жеткізушілердің тізбесі-стоматология, рентгенография, ПТР-тестілеу, КТ және МРТ – сілтеме бойынша орналастырылған: https://fms.kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/.
Егер медициналық көмектің сапасы мен уақтылылығына қатысты сұрақтарыңыз болса, сіз емхананың пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы хабарласа аласыз: Ресми сайт fms.kz, байланыс орталығы 1406, Telegram-дағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.