Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылсын», — делінген Жарлық мәтінінде.
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын институтты бітіргеннен кейін 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында информатика бойынша орта мектепте мұғалім болып бастады;
1988 жылдан 1992 жылға дейін Өзбек КСР Мемжоспар жанындағы Экономика және нормативтер ҒЗИ экономисі болып жұмыс істеді;
1992 жылдан 1993 жылға дейін Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист;
1993 жылдан 1994 жылға дейін компанияның бөлім басшысы.
1994-1997 жылдары — Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, бірінші орынбасары;
1997-1999 жылдары — Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары;
1999-2002 жылдары-Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2002-2006 жылдары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2006-2008 жылдары-Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2008-2013 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы;
2013 жылы-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
2014-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;
2017-2018 жылдары-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2019 жылы — «Nur Otan» партиясының хатшысы. 2019 жылғы шілдеден 2020 жылғы мамырға дейін — «еңбек ресурстарын дамыту орталығының» басшысы.
2020 жылғы 5 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.