14 Мамырда XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен қазақстандық күресшілер бес медальға ие болды: бір алтын, үш күміс және бір қола.
Қазақстандық күресші Хайратхаан Шонку (125 кг) финалда Иран спортшысын жеңіп, алтын медальға ие болды. Бұл оның 24-ші Сурдлимпиадалық ойындардағы екінші медалі. Бұған дейін ол грек-рим күресінен 130 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын.
Ғабит Есжанов (57 кг), Сабыржан Рсалы (70 кг) және Ғасыр Тұрғынбай (74 кг) күміс медаль жеңіп алды. Бексұлтан Малайдар (92 кг) қола медальға ие болды.
Шадияр Пернеш (60 кг) пен Мұхтар Есенғосұлы (97 кг) бесінші орынды иеленді.
Сол күні 4х400 метрлік әйелдер арасында эстафетадан жарыс өтті, онда біздің спортшыларымыз Фаина Меирманова, Ольга Хижнякова, Яна Сибирякова және Елена Путинцева бесінші орынға ие болды.
Биіктікке секіруде Фаина Меирманова 159 см нәтижемен бесінші орынды иеленді.
Сурдлимпиада ойындары 2 мамырда басталып, 15 мамырда аяқталды. Соңғы күні қазақстандық жеңіл атлеттер марафонда бақ сынайды.