4 тамызда елордада жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.
Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылдың 4 тамызында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыссыз азаматтарға арналған жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Оған 50-ден астам жұмыс беруші қатысады. Шара «Жастар» сарайының ғимаратында өтеді.