Мемлекеттік корпорацияда алдағы демалыс күндері жұмыс кестесі айтылды.⠀
Хабарланғандай, Республика күні қарсаңында халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері таңертеңнен бастап тұтынушыларына ұлттық нақыштағы тәттілер мен кәдесыйларды тарту етіп, көңілдерін көтере бастайды.
Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық мерекеге жақсы көңіл-күйді қолдау және отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылды.
Акция бүгінгі кешке дейін жалғасатыны белгілі.
⠀Сонымен қатар, мереке күндеріне байланысты сенбі күні халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сияқты сағат 18.00-ге дейін, ал кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
⠀Дүйсенбі, 24 қазанда тек кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Бұл күні тапсырыс берушілер сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады.
23 және 25 қазан демалыс күндері болып табылады.
26 қазаннан бастап ХҚКО және Арнайы ХҚКО азаматтар үшін әдеттегі тәртіпте жұмыс істейді.