Now Reading
Аутизмнің алғашқы белгілері жайлы білесіз бе?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Статьи > Аутизмнің алғашқы белгілері жайлы білесіз бе?

Аутизмнің алғашқы белгілері жайлы білесіз бе?

Аутизм термині медицина ғылымында 1912 жылы пайда болды. Бірақ оның негізгі белгілерін анықтап, ғылымға енгізген Л. Каннер есімді американдық психотерапевт еді. Бұрын-соңды аутизм дертімен соқтыспаған адамдар нәресте бойындағы ең алғашқы белгілерді байқамауы әбден мүмкін. Ал бірнеше баласы бар ана сәбидің ерте қылықтарындағы өзгешіліктерді бірдең аңғарады. Аутизмнің ана құрсағында жатқаннан бастап жүре пайда болатын түрлеріне дейін бар. Өкінішке орай, ультрадыбыстық зерттеу де,  заманауи медицина да бұл  кеселді алдын-ала анықтауда шамасыз. Аутизмнің пайда болу себептері де әлі күнге дейін белгісіз. Ғалымдар аурудың қозғаушы факторын тұқымқуалаушылықпен, экологиялық апаттармен, жүктілік кезеңіндегі түрлі аурулардың салдарымен байланыстырады. Нақты дәлел болмағандықтан жоғарыдағы тұжырымдар ғана бар.

Дүние есігін жаңа ашқан нәрестеңіз беймазаланбаса, кеудені аузына алу кезінде жұлып алардай рефлексі болмаса, жиі ұйықтаса, гуілдемесе дереу тиісти маманға жүгінгеніңіз жөн. Бала үш-төрт айға толғанда қолын аузына салып, ойыншықтарды ұстай бастайды. Кез келген затты жұлып алуға ұмтылады. Анасының шашын, өзінің үстіндегі киімін жұлқуды үйренеді. Ересектердің жүзіне қарап күлімсірейді, былдырлап дауысын шығарады. Бұл дені сау баланың қалыпты дамуындағы үдеріс. Егер ішкі түйсігіңізде қандай да бір күмән болса, Л.Каннердің аутизмді анықтаудағы бастапқы көрсеткішіне назар аударыңыз:

Көз контактісінің болмауы. Яғни, балаңыз тура көзге қарамайды немесе қараудан қашқақтайды.

Жалғыздықты ұнатуы. Қатарластарымен ойнамайды. Олармен араласудан қашады. Өз бетімен ойнап жүре береді.

Сөйлеу қабілетінің баяу жүруі. Мимикасының, дауысының, дыбыс ырғағының, қимылдарының болмауы.

Біркелкі қимылдарды қайталай беруі. Өздігінен айналуы немесе осы іспетте басқа қимылдарды істеуі мүмкін.

Бағытының шарттары тұрақты болуы, біркелкілікті ұнатуы. Мысалы ойыншықтың белгілі бір бөлігімен ғана ойнайды.

Эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпауы. Ата-анасын, бауырларын керек қылмайды.

Мамандар баланың тілі үш жастан кейін анық шықпаса дабыл қағады. Тікелей сөйлеу қабілетіне жауап беретін кіші моторика жұмысының бұзылуы – бала дамуындағы өзгерістердің белгісі. Бұдан басқа баланың есіміне үн қатпауы, естімегендей жүре беруі, эмоциясын көрсетуде сараңдық танытуы, өзін-өзі ынталандыруға (самостимуляция) бейім болуы – алғашқы белгілердің бірі.  Олар өздеріне ғана мәлім кішігірім әлемде өмір сүреді. Қитығына тигенде шыңғырып, басын жерге, іргеге соғудан, өзіне зардап тигізуден тайынбайды. Тамақты мөлшерден тыс көп немесе аз тұтынады. Кейбір балдырғандар тойынғандарын білмейді. Ауытқушылығы бар балалардың физикалық тұрпаты да сәл өзгеше. Әсіресе бас көлемі қарапайым балалардікінен үлкендеу болады. Жаза берсең себебі де, түрлі белгілері де жетіп артылады. Ең бастысы нәрестенің қалыпты дамуына бей-жай қарамаңыз. Ерте жаста анықталған жағдайда сөйлеу қабілетін, коммуникативтік дағдыларын жөнге келтіріп, қоғамға бейімделуіне біршама көмек көрсетуге болады.

Томирис

 

+3
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×