Now Reading
Павлодарлық құтқарушылар көру қабілетінен айырылған жандарды өрт қауіпсіздігіне үйретуді қолға алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодарлық құтқарушылар көру қабілетінен айырылған жандарды өрт қауіпсіздігіне үйретуді қолға алды

Павлодарлық құтқарушылар көру қабілетінен айырылған жандарды өрт қауіпсіздігіне үйретуді қолға алды

Павлодарлық құтқарушылар көру қабілетінен айырылған және нашар көретін адамдарға арналған арнайы облыстық кітапхананың оқырмандарына  Брайль тіліндегі өрт қаупі жайлы ескерту қағаздарын таратты,- деп хабарлайды Казинформ  .

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті апаттар қаупін азайту және бақылау департаментінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі адамдар орналасқан мекемелерге жиі барып тұратын қонақтар. Бүгін Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің көру қабілетінен айырылған және нашар көретін адамдарға арналған арнайы кітапханаға барғандығын хабарлады. Құтқару бөлімінің маманы ерекше тыңдармандар мен қызметкерлер арасында өрт кезіндегі мінез-құлық дағдылары мен іс-әрекеттер жайлы түсіндіру жұмысын жүргізді.  Барлық қатысушыларға Брайль шрифтінде жазылған тұрмыстық жағдайда өрт қауіпсіздігін сақтау ережесі бар ескерту қағаздарын табыстады. Дәрістің соңында тыңдармандар аталмыш ескерту қағаздарын оқып шығуға мүмкіндік алса, кітапхана қызметкерлеріне өрт кезінде өрт сөндіргіш құралды қалай қолдану керектігі көрсетілді. «Зағип адам өрттің басталғанын жанған оттың иісінен және одан келетін жылу арқылы ғана анықтай алады. Ал өрттің бастау алған жерін нақты анықтау оларға қиындық тудырады. Дені сау адам сөндіре алатын үлкен емес өртті көзі көрмейтін немесе көру қабілеті нашар адамдар сөндіруге қауқарсыз. Соның салдарынан өрт ауыздықтауға келмейтін тілсіз жауға айналып, көзі көрмейтін адамдар үшін өрт қатері екі еселенеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігі өте маңызды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», — дейді ТЖД.

 

 

0
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×