Now Reading
Елордада Аутизм бойынша ҮЕҰ-ның Бірінші Республикалық Форумы өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада Аутизм бойынша ҮЕҰ-ның Бірінші Республикалық Форумы өтті

Елордада Аутизм бойынша ҮЕҰ-ның Бірінші Республикалық Форумы өтті

5 сәуір Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіздік сарайында Аутизм бойынша ҮЕҰ-ның Бірінші Республикалық Форумы өтті

Дүниежүзілік ДСҰ-ның статистикалық мәліметіне сәйкес, әлем бойынша аутистикалық спектрі бұзылған адамдардың саны 67 млн-ға жеткен. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы бұл көрсеткіш 300 мыңнан артылады. 2020 жылға қарай әлемде дүниеге келетін әрбір отызыншы, бес жылдан кейін әрбір екінші нәресте аутизм дертімен туылу мүмкіндігі жоғары. Форум барысында аутизм спектірінің ауытқушылығына шалдыққан және ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау жөніндегі тұжырымдаманың жаңа жобасы ( менеджмент қағидаларына негізделген жоба) ұсынылды. Соның негізінде мемлекеттік ұйымдарға аутизм дертімен күресуде толығымен қатысуға, білім беру және денсаулық сақтау жүйесінде аутистикалық спектірдің ауытқушылығына баса назар аударуға шақырды. Сонымен қатар,  инклюзивті білім берудегі біршама шикіліктердің бар екендігі; оның ішінде, арнайы оқулықтардың, бөлмелердің және оқытатын мамандардың жетіспеушілігі, білім беру мекемелерінің дайын еместігін атап өтті. «Алматы Менеджмент Университеті» ректоры Курганбаева Гульмира инклюзивті білім беру бағдарламаларын жетілдіріп, қарапайм балалардың рухани дамуын қолға алуды ұсынды. Білім берудегі басқару мәдениетін өзгертіп, ауылдық жерлерде де инклюзивті білім беру моделін енгізу керектігін атап өтті.

Республикалық форумға шет елдік мамандар, орталық мемлекеттік ұйымдар және қарапайым ата-аналар қатысты. Ресей мен Украинадан келген мамандар өздерінің тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендіктерін атап өтті. Бұдан бөлек дерттің пайда болу себептері, әлемде аутизмнің таралу тенденциялары, Қазақстандағы дертке шалдыққан балаларға көмек берудің кешендік жүйелері , жұмыспен қамту сынды өзекті мәселелер қозғалды.  Қазақстандағы БӘДСҰ өкілдігінің Басшысы Честнов Олег өз сөзінде «Біз оларды мүмкіндігі шектеулі жандар мен науқас адамдардың қатарына қосуды доғарып, толыққанды азамат ретінде қарауымыз керек»,- деп ағынан жарылды. Елімізде осы бағыттағы алғашқы форумды «Ainar» Аутизм, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жетімдерді қолдау Қоғамдық Қоры ұйымдастырып отыр.

0
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×