Now Reading
Қазақстандықтарға әлеуметтік төлемдердің көлемін арттырды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандықтарға әлеуметтік төлемдердің көлемін арттырды

Қазақстандықтарға әлеуметтік төлемдердің көлемін арттырды

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін үш әлеуметтік төлемнің мөлшері ұлғайтылды. Бұл шара 347,7 мың адамға әсер етті.

 

Осылайша, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы қаулысына сәйкес сатып алу қабілетін сақтау мақсатында 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (75 130 алушы) және асыраушысынан айырылған жағдайда (52 096 алушы) МӘСҚ-дан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5% — ға арттырылды.

 

Министрлікте атап өткендей, бұл төлемдер ұзақ мерзімді болып табылады, өйткені олар бірнеше жыл бойы төленуі мүмкін: еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда – адам еңбекке қабілеттілігін қалпына келтірмейінше, не зейнеткерлік жасқа жеткенше; асыраушысынан айырылған жағдайда – балаларға кәмелеттік жасқа толғанға дейін және күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.

 

Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген төлемдерді алушылар бюджет қаражаты есебінен осындай Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды да алады.

 

Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері арттырылды. Бұл шара 220 462 алушыға әсер етті.

 

Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған әлеуметтік төлемнің мөлшері баланың туған күніне дейінгі соңғы екі жылдағы орташа табыстың 40% — ын құрайды. Бұл ретте бұл әлеуметтік төлемнің ең төменгі мөлшері ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, «балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңға сәйкес туылған баланың кезектілігіне қарай белгіленген ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

 

Еңбек министрлігінде атап өткендей, жоғарыда аталған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру МӘСҚ активтері есебінен жүзеге асырылды. Осылайша, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысанын алуда жұмыс істейтін халықтың мүдделері қорғалды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×