Now Reading
«Spina Bifida» үкім емес
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Spina Bifida» үкім емес

«Spina Bifida» үкім емес

11-12 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласы, №2 балалар қалалық ауруханасында «Spina Bifida» бірінші республикалықконференциясы өтті. Spina Bifida- бұл туа біткен жұлын жарығы. Соның салдарынан жүйке түтігі бұзылып, омыртқа мен жұлын дамымай қалады. Бала бойында физиологиялық  ауытқушылықтардан бөлек урологиялық бұзылулар  пайда болады. Ал дертке шалдыққан бүлдіршіндердің  біразы мүгедектер арбасына танылуға мәжбүр.

Аталмыш конференция  Г.И. Турнер атындағы Spina Bifida орталығының (Санкт-Петербург қ., Ресей) білікті мамандары дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференция Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Шетелде бұл диагноз жүктіліктің бірінші жартысында, ал Қазақстанда бала дүниеге келгеннен кейін ғана анықталады. Негізгі пайда болу себебі — фолий қышқылының жетіспеушілігі. Елімізде осы кеселге шалдыққан балалардың саны 200-ден асады. Басым көпшілігі аяқтың сал ауруына шалдығу себебінен мектепке бару мүмкіндігінен айырылған. Дене бітімінің ақауын қалпына келтіру үшін үздіксіз жаттығулар жасап, түрлі ортездік ортопедтік аппараттарды қолдану керек. Сауықтыруға жұмсалатын қаражатты әрбір отбасының қалтасы көтере алмайтындығын да атап кетуге болады. Екі күндік конференцияда аурудың пайда болу себептері, емдеудің оңтайлы жолдары, ортездік ортопедтік аппараттардың пайдасы,  балалардың күтімі мен дұрыс тамақтану тәртібі жайлы сөз қозғалды. Психолог маман балаларды әлеуметтендірудің, психологиялық көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін де атап өтті. Жобаның негізгі мақсаты  ата-аналар мен дәрігерлердің асқынулардың алдын алу туралы білімдерін арттыру арқылы балалар өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған. Конференция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «Асыл Бала» қоғамдық қорының, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сакқтау басқармасының, № 2 балалар қалалық ауруханасының, С.Д. Асфендияров атындағы университет клиникасының қолдауымен жүзеге асты.

Ақпарат: Инва.кз

0
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...