Now Reading
Тьюторлар жайлы не білеміз?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Статьи > Тьюторлар жайлы не білеміз?

Тьюторлар жайлы не білеміз?

Инклюзивті білім беру жүйесі жайлы естігеніңіз бар ма?  Былтыр Нұр-Сұлтан қаласындағы  Сырбай Мәуленов атындығы №37 мектепте «Болашақ» КҚ-ның қолдауымен инклюзивті сыныптар ашылды. Соның арқасында елордалық ерекше балалардың жалпыға бірдей білім алуларына жол ашылды. Сонымен қатар олардың бейімделуіне атсалысатын жаңа мамандар легі де пайда болды. Олар — тьюторлар. Педагогиканың осы сағасы жайлы білетіндер азын-аулақ. Себебі, инклюзивті сыныптар секілді, тьюторлар да білім жүйесіне жаңадан енгізіліп жатқан бағдарламалардың бөлшегі. Шет елде танымалдылыққа ие болса да, бізге енді жетіп жатыр. Жаңа сала иегерлерінің негізгі міндеттерін айқындау мақсатында аталмыш мектептің тьюторы Бақытгүл Серікқызымен сұхбаттасуды жөн көрдік.

ИНВА.КЗ: Тьютор деген кімдер ?

Тьютор: Біз аутизм спектріне, даун дертіне шалдыққан, дамуында аздап кемшіліктері бар ерекше балалармен айналысамыз. Яғни, оқу үлгерімдеріне, тәртіп сақтауларына және мектептегі қауіпсіздіктеріне жауап береміз. Қазақша айтқанда көмекші деуге болады. Басты міндетіміз – баланы қоғамға бейімдеу.

ИНВА.КЗ: Қоғамға бейімдеудің маңызы бар ма?

Тьютор: Маңызы зор десем болады. Қатарластарымен бір сыныпта оқу, олармен ойнау, қарым-қатынас құру  – олардың әлеуметтен қорықпауына, еркін қатынас орнатуларына, айналасына бейімделуіне мүмкіндік береді. Өмірге деген көзқарастары өзгертуге ықпал етеді.

ИНВА.КЗ: Инклюзивті білім алу жүйесі барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді ме?

Тьютор: Өкінішке орай барлығына емес. Оқуға, білімге деген қабілеті бар балалардың ғана мүмкіндіктері бар. Қаражат жағына да байланысты. Кейбір ата-аналардың қалтасы көтермегендіктен, балаларын арнайы сыныпқа бере алмай отыр. Бір-екі жылдан кейін бұндай сыныптар толығымен мемлекет бақылауына өтіп, барлығына дерлік қолжетімді болады деген үміттемін.

ИНВА.КЗ: Инклюзивті білім беру жүйесі қаншалықты тиімді?

Тьютор: Тиімділігін атап кетпеске болмайды: біріншіден,бала социумға бейімделеді. Қарапайым балалар сияқты өмір сүруге мүмкіндік алады, адамдармен қарым-қатынас құрауды үйренеді. Екіншіден, білім алады. Бойындағы қабілеттерін ашуға, әрі қарай дамытуға талпыныс пайда болады. Бұдан басқа да тиімді тұстары көп.

ИНВА.КЗ: Негізгі міндеттеріңізге не жатады?

Тьютор: Сабақтан тыс қосымша бағдарламамен жұмыс істейміз. Балалар арасында тренинг өткіземіз. Тапсырмаларды орындауға көмектесеміз. Мектепте толығымен өз бақылауымызға аламыз. Көзден таса қалдыруға болмайды. Кейде жағымсыз мінез-қылық туындап қалуы мүмкін. Сол кезде балаларды тыныштандырамыз.

ИНВА.КЗ: Балалардың қарым-қатынасы қандай?

Тьютор: Баланың түйсігі ересектерден әлдеқайда күштірек. Олар ерекше балалардың жағдайын түсінеді. Бірақ жақындауға, достасуға қорқақтайды. Баланың өзге балаларға деген көзқарасын ата-ана қалыптастырады. Егер ата-анасының бірі: «Бұл балаға жолама. Ол – ауру»,- деп миына құя берсе, бала жоламауға тырысады. Барлығы тәрбиеден бастау алады. Қазіргі балалар жаңа заманның ұрпағы. Олар бізден де ақылдырақ. Сондықтан бірдең осылай деп айту дұрыс емес. Қатыгез деп те айтып жатады. Педагог ретінде айта кетейін, бала жайдан-жай қатыгез болмайды. Отбасындағы кикілжің, қандай да болсын келіспеушіліктер, ата-ана тарапынан мейірім мен махаббаттың аздығы- қатыгездіктің, беймарал көзқарастың туындауына әкеп соғады.

ИНВА.КЗ: Ата-ана өз баласының бойындағы өзгерістерді байқайды ма?

Тьютор: Шынына келетін болсақ, көптеген ата-аналар инклюзивті білім берудің нәтижесіне сене бермейді. Ал біздің мектепте оқитын балалардың ата-аналары балаларының бойындағы өзгерісті байқаған сайын бізбен бөлісіп отырады. Алғыстарын айтады. Тәртібінде, мінез-қылығында пайда болған прогресстері жайында хабардар етеді. Балаларының аз уақыт ішінде кішкене болсын жақсы жаққа өзгеріс жасағаны олар үшін үлкен қуаныш. Баланың бойындағы өзгерістерді, ата-аналардың жүзіндегі үмітті көргенде, мамандығыма деген сүйіспеншілігім арта түседі. Ерекше балалардың қоғамға бейімделуіне, өз мүмкіндіктерін көрсетуге көмек көрсетіп жатқаным үшін іштей мақтанатын кездерім де болады.

ИНВА.КЗ: Тьюторлықты арнайы оқытады ма?               

Тьютор: Әзірше енді бастау алып жатқан бағдарлама болғандықтан, педагогикалық білімі бар мамандар жұмыс істеуде. Яғни ұстаздар қауымы. Мен өзім бастауыш сынып мұғалімімін. Бірақ еліміздің бірнеше оқу орындарында арнайы тьюторлықты оқытатын кафедра бөлімдерінің ашылып жатқанын естігенім бар. Бірнеше жылдан кейін арнайы оқу орнын бітірген, мамандандырылған жастардың қолға алатынына сенімім мол.

ИНВА.КЗ: Ерекше балалармен жұмыс істеу үшін энергияның көп болуы қажет деп жатады. Бұл сөздермен келісесіз бе?

Тьютор: Иә, оларды энергия вампирлері деп те атайды. Адам қарапайым жұмыстың өзінен шаршайды. Ал балалармен жұмыс істеу бойындағы бар күшінді талап етеді. Кейде жұмыс уақыты біткен соң тамақ ішуге де қауқарын болмайды. Сондай кездер болып тұрады енді.

ИНВА.КЗ: Өзіндік ережелері бар шығар. Сол жайлы айта кетсеңіз?

Тьютор: Олармен жұмыс істеу үшін асқан жауапкершілік, жинақылық әрі төзімділікті талап етіледі. Сабырлы болудың да маңызы зор. Аса сақ болу қажет. Біз оларға қамқорлық жасағанымызбен, айтқанына көніп, еркелетуімізге болмайды. Жағымсыз қылықтың пайда болмауын, оның көңіл-күйін үнемі бақылауда ұстауымыз керек. Ең маңызды ережелердің бірі – баланы барынша қауіпсіздікте ұстау.

ИНВА.КЗ: Қандай методика бойынша жұмыс істейсіздер?

Тьютор: Біз әр түрлі методикамен жұмыс істейміз. Кіші және үлкен моторикамен, имитация, идентификация және т.б. Бұның барлығы баланың сөйлеу, есте сақтау қабілетін арттыруға, айналаны дұрыс қабылдауына және түйсіктің дамуына көмектеседі. Арнайы карточкаларды, түрлі суреттерді, конструкторларды да қолданамыз.

ИНВА:КЗ: Сұхбатыңызға рахмет! Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

 

+5
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×