«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірлесіп Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне теміржол көлігінің қызметтерін жыл соңына дейін тегін пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы акцияның жүріп жатқандығын хабарлады.
Аталмыш акция «Жеңіс» республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасының қолдауы аясында өтуде.
«Акцияның шарттарына сай барлық ардагерлер «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты барлық бағыттарда және компанияның ТМД аумағына жүретін пойыздарында тегін жүре алады. Оларға барлық вагондарда купе және «Тұлпар-тальго» вагондарында «Турист» пен мүгедектерге арналған арнайы орындар қарастырылған», — делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығының хабарламасында.
Сонымен қатар, сапар барысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тегін тамақ беріледі.
Жол билеттерін рәсімдеу үшін билет кассаларына жеке куәлікпен қоса Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагері екенін растайтын құжатты тапсыру керек.
ТМД аумағына сапар шегетін ардагерлер жол билетін тек Қазақстан Республикасында сатып ала алады.
«Жеңіс» — Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне жыл бойына қолдау көрсетуге бағытталған республикалық әлеуметік-қайырылмдылық жоба. Бүгінгі таңда бұл жоба еліміздің 35 қаласында жұмыс істейді.
Ақпарат: Елорда инфо