Now Reading
Елордада шашыраңқы склероз дертіне шалдыққан адамдар кездесу өткізді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада шашыраңқы склероз дертіне шалдыққан адамдар кездесу өткізді

Елордада шашыраңқы склероз дертіне шалдыққан адамдар кездесу өткізді

Жыл сайын мамырдың соңғы сәрсенбісінде дүниежүзінде шашыраңқы склероз күні аталып өтеді. Аталмыш дерт өте сирек кездесетін аурулардың қатарына жатады. Бүгінде бұл кеселдің адам бойында қандай себептермен пайда болатындығы дәлелденген жоқ. Айықпас дертке шалдыққан науқастар жаңа технологиялар мен дәрі-дәрмектің күшіне үміт артуда.

Шашыраңқы склероз дерті күніне орай өткен кездесу. 2019 жыл 29 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы.

29 мамыр күні елордамыздағы Республикалық паралимпиадашыларды дайындайтын орталықта аталмыш күнге орай дөңгелек үстел болды. Іс шараның негізгі мақсаты осы кеселге шалдыққан адамдарды біріктіріп, емделудің жаңа түрлері мен дәрілердің тиімділігі жайлы әңгіме тарқату.

«Мен өзім осы кеселмен 45 жасымда ұшырастым. 2 жыл дәрігерлер диагноз қоя алмады. Міне, он екі жыл шашыраңқы склероз дертімен өмір сүріп келемін. Біз барлығымыз озық технологиялардың осы дерттен айығуға, аяққа нық тұруға көмектесетініне, күндердің бір күні адамзат емін табатынына сенімдіміз. Бізге болмаса басқа науқастардың емделуіне септігін тигізер деген үміттеміз», — дейді Лиза Зубамрановна.

Астанамыздың ең үздік неврологтарының бірі Бағыжан Рысбайқызы жаңа дәрілік препараттардың тиімділігін, спортпен айналысудың пайдасы және көптеген пайдалы кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар аталмыш дертке қатысты мамандардың жаңа тұжырымдамасы мен ғалымдардың болжамдарын сөзге тиек етті.

«Қанша қиын болса да, спортпен айналысуды, жаттығу жасауды тоқтатпаңыздар. Жаттығу барысында адам ағзасы эндорфин гормондарын бөледі. Бұл көңіл-күйініздің көтеріңкі болуына әсер етеді. Сондықтан белсенділік танытудан жалықпаңыздар Дұрыс тамақтануды да ұмытпағандарыңыз жөн»,- деп дәрігер кеңес берді.

Қазіргі таңда, Қазақстанда шашыраңқы склероз дертіне шалдыққан адамдардың саны екі мыңнан асып жығылады. Ал Елордамыздағы науқастардың саны 120. Көптеген өңірлерде дәрі-дәрмек жетпей қалатын кездер жиі болады. Жыл сайын нарыққа жаңа дәрілік препараттар  енгізіліп жатса да, бағасын кез келген адамның қалтасы көтермейді.

«Кейбір ауруханаларда науқасқа жазылған дәрілердің түрі таусылып қалып, оны басқа дәрімен алмастырып беретін оқиғалар жиі кездеседі. Көптеген адамдар еш қарсылық білдірместен берген дәріні алып, қабылдай береді. Маман ретінде мен бұндай әрекетке түбегейлі қарсымын. Сіздің препаратыңыз таусылып қалған жағдайда басқасымен алмастыруға жол бермеңіз. Еш себепсіз дәріні ауыстыруға болмайтындығын қатаң ескертемін»,- дейді невролог Бағыжан Рысбайқызы.

Аталмыш іс шара «Нұр-Сұлтан қаласы шашыраңқы склероз мүгедектерінің қоғамдық қорының» қызметкерлерімен,  республикалық паралимпиадашыларды дайындайтын орталықтың және басқа да демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Ақпарат: Инва.кз

 

 

+1
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×