Ақтөбе облысында Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар жандарға, оларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ соғыс жылдарында 6 айдан кем емес еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне жергілікті бюджеттен біржолғы материалдық көмек бөлінді.
Қалалық және аудандық мәслихаттардың шешіміне сәйкес облыс бойынша 4 336 алушыға төлем қарастырылған, жалпы сомасы 1 076,8 млн теңгені құрайды. Атап айтқанда, тыл еңбеккерлері 153 348 теңгеден алады.
Тірі қалған жалғыз ардагер Василий Иванович Грецкий 5 миллион теңге жәрдемақы алуға құқылы.
Біржолғы көмек 353 880 теңге сомасында 1724 адамға – соғысқа қатысушылар мен мүгедектігі бар жандарға, сондай-ақ соғыс кезінде алған жарақат, контузия немесе ауру салдарынан қайтыс болған немесе қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көрсетіледі. Сондай-ақ жарақаттан қайтыс болған 991 адамға – соғыс мүгедектігі бар жандардың жесірлеріне, сондай-ақ 2019 тыл еңбеккеріне 153 348 теңге жәрдемақы берілді.
Бұған дейін қазақстандық Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін ерекше жеңілдіктер туралы хабарланған болатын.