Now Reading
Шымкентте көпбалалы ата-аналар әлеуметтік көмек үшін ажырасып жатыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Шымкентте көпбалалы ата-аналар әлеуметтік көмек үшін ажырасып жатыр

Шымкентте көпбалалы ата-аналар әлеуметтік көмек үшін ажырасып жатыр

Тұрғындардың көбісі әкеліктен бас тарту қайта қалпына келтіруге болмайтынын білген соң арызын қайтып алған.

Көрнекі сурет интернет желісінен алынды.

 Шымкенттік соттар ажырасу туралы өтініштердің астында қалды. Көптеген көпбалалы отбасының өз шаңырағын шайқалтуына басты себеп атаулы әлеуметтік көмекті алу болып отыр.

Көпбалалы аналар ажырастыруды талап етіп соттың алдын бермеуде. Ал әкелері мемлекеттен көмек алу үшін балаларынан бас тартып жатыр.

«Ажырасуға өтініш беру көбейіп кетті. Әкеліктен бас тарту да аз емес. Аптасына 10-15 арыз түседі. Біз оларға барынша түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Олардың басты мақсаты — мемлекет тарапынан беріліп жатқан атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу. Әкеліктен бас тарту ол қайта қалпына келтіруге болмайтын процесс. Соны түсіндіргеннен кейін ғана көбісі арыздарын қайтып алады», — дейді Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.

Ақшалай атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға беріледі. Биыл атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 20 789 теңгеге дейін көтерілді. Оған өтініш қабылдау 2019 жылдың 1 сәуірінен басталды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, республикада 80 мыңнан астам отбасы 9,4 миллиард теңге жаңартылған атаулы көмек алды.

 

Ақпарат: Sputnik

0
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×