Now Reading
Алтай Көлгінов елорданың шеткі аумақтарын аралады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алтай Көлгінов елорданың шеткі аумақтарын аралады

Алтай Көлгінов елорданың шеткі аумақтарын аралады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі елорданың шеткі аумақтарын аралады. Ол Пригородный, Көктал, ескі темір жол вокзалы маңындағы тұрғын алаптарда және бірқатар саяжай аумақтарында болды.

Аралау барысында қала әкімі тұрғын үй аудандарының инженерлік желілерінің жай-күйіне, көшелерді жарықтандыруға, тротуарлар мен аумақты абаттандыруға ерекше назар аударды.

«Елбасы елордамыздың дамуына үнемі ерекше көңіл аударады. Тұрғындар үшін жайлы, қауіпсіз болуын қамтамасыз етуді талап етеді. Жақында ғана қала активімен өткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың инженерлік инфрақұрылымына және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жоғарылатуға көңіл аударуымды тапсырды», — деді Алтай Көлгінов.

Әкім сондай-ақ, бұдан өзге елордамыздың «Сарыарқа» ауданына қарасты жеке тұрғын үй секторы бойынша Ақсуат көшесіндегі жол құрылысымен танысты. Алтай Көлгінов жаңа автожолдар салу бойынша жоспарланған  және қазір жасалынып жатқан барлық жөндеу жұмыстарды күннің жылысында бітіріп алу қажеттігін баса айтты.

Ол қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды дер кезінде уақытылы жүзеге асыру үшін аудан әкімдіктеріне салалық басқармалармен  өзара қарым-қатынасты жоғарылатуға тапсырма берді. Сондай-ақ, қала әкімі астанада Көктал тұрғын алабында салынып жатқан  саябақтың аумағын аралап көрді. Алтай Көлгінов қаланың тұрғын алаптарында демалу және спортқа арналған қоғамдық орындарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

 

Ақпарат: Елорда Инфо

0
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×