Now Reading
Қазақстандық ардагерлер мен тыл еңбеккерлері ТМД бойынша пойызбен тегін жүре алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық ардагерлер мен тыл еңбеккерлері ТМД бойынша пойызбен тегін жүре алады

Қазақстандық ардагерлер мен тыл еңбеккерлері ТМД бойынша пойызбен тегін жүре алады

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірлесе отырып Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ТМД бойынша пойызбен тегін  жүруді ұйымдастырды.
Аталмыш акция Ұлы Жеңіс мерекесінің 76-жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
«1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері 2021 жылы жыл бойы теміржол көлігінің қызметтерін тегін пайдалана алады» — деп хабарланады ресми хабарламада.
Акция  «Жеңіс» республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасы аясында іске асырылып отыр.
Акция талаптарына сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері ҚР аумағы мен ТМД шегіндегі барлық бағыттарға тегін жүре алады.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге барлық санаттағы пойыздардың купелік вагондарында, сонымен қатар «Турист» класындағы вагондарда, «Talgo» компаниясының пойыздарындағы мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған арнайы купелерде орындар бөлінеді.

«Пойыздармен тегін жүру акциясы түрақты түрде өткізіліп отырады. Осы акция бойынша билеттерді рәсімдеу үшін билет кассасына жеке басын растайтын құжат, Ұлы Отан соғысының ардагерлері немесе тыл ардагері куәлігінің түпнұсқасын ұсыну қажет. ТМД елдеріне сапар барысында тегін сапар құжаттары (билеттер) ҚР аумағында орналасқан сату пункттерінде рәсімделеді» — деп хабарлады компанияда.
«Samruk-Kazyna Trust» ресми өкілі, жыл өткен сайын ардагерлер саны азайып келе жатқанын түсінетіндерін хабарлады.
«Сондықтан осы жылы біз акцияға барлық жастағы тыл ардагерлері қатыса алады деп шештік. 2021 жылғы 1 мамырдан 31 мамыр аралығында тыл ардагерлері Қазақстан мен ТМД-ның барлық бағыттарына тегін теміржол билеттерін ала алады. Ал 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін акция жыл бойына жалғасады» — деп атап өтті корпоративтік қызмет жетекшісі Мирас Иргебаев.
«Жеңіс» жобасы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне жүйелі түрде көмек пен әлеуметтік-тұрмыстық қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба аясында еріктілер қарттардың шаруаларына көмектеседі: үйлерін жинап және үй мен аулаларына кішігірім жөндеулер жасап береді, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алады, олармен әңгімелеседі және т.б. Жобаның бес жылдық қызметі барысында еріктілер Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне 10 мыңнан астам рет көмек қолын созған.
Бүгінгі таңда жоба Қазақстанның 35 елді мекенінде жүзеге асырылып отыр.

Источник: Newtimes

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×