Now Reading
Токио қаласында Олимпиадаға дейінгі 100 күнді кері санау басталып кетті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Токио қаласында Олимпиадаға дейінгі 100 күнді кері санау басталып кетті

Токио қаласында Олимпиадаға дейінгі 100 күнді кері санау басталып кетті

Сәрсенбі күні Токио қаласында жазғы Олимпиада ойындарының басталуына дейін қалған100 күнді кері санау салтанатты шарасы іске қосылды. Шараға «Токио-2020»  ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Тосиаки Эндо, елордалық префектура губернаторы Юрико Коикэ, Жапония Олимпиадалық комитетінің басшысы Ясухиро Ямасита және өзге де шақырылған қонақтар қатысты.Коронавирустың таралуының  профилактикасы жөніндегі шаралар аясында көпшіліктің жинамауы үшін журналисттерге шараны жарияламауға өтініш жасалған. Аталып отырған күнге орай Токио қаласы мэриясының ғимаратында биіктігі 2,6 м болатын Олимпиада мен Паралимпиада талисмандарының мүсіні орнатылған. Олардың алғашқысының есімі              

 Мирайтова.  Ол жапон тіліндегі – «мирай» (болашақ) және «това» (шексіздік) сөздерінен құралған. Екінші мүсін Сомэйти деп аталады — Нара префектурасында өсетін, патша шиесі деп те алатын сакураның Сомэйёсино атты сұрпынан алынған және  ағылшын тіліндегі «so mighty» (сондай қаһарлы) тіркесінен құралған. 

Токио қаласындағы Олимпиада 2020 жылғы 24 шілдеден 9 тамыз аралығында өтуі тиіс болатын. Бірақ пандемия салдарынан Олимпиада 2021 жылғы 23 шілдеден 8 тамыз аралығына ауыстырылған болатын. Әлемдегі тұрақсыз жағдайға байланысты олимпиадаға шетелдік жанкүйерлерді жібермеу туралы шешім қабылданған. Жанкүйерлердің сатып алған билеттерінің құнын ұйымдастырушылар қайтаруға уәде беріп отыр. Спорт обьектілеріне жапондық көрермендер қандай көлемде қатыса алатыны туралы шешім сәуір айының соңында қабылданады. Олимпиада ойындарына 10 мыңға жуық спортшылар қатысады. Олар Жапонияға жеңілдетілген сызбаға сәйкес екі апталық карантинсіз кіре алады. Дегенмен олардың қозғалысы және өзге адамдармен араласуына қатты шектеу қойылады. Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК)  алдын-ала жариялаған Токиода өтетін ойындарды өткізу ережелеріне сәйкес атлеттер әр төрт күн сайын бір рет короновирусқа тест тапсырып отырады. Бірақ «Токио-2020»  ұйымдастыру комитеті хабарлағандай тексеруді жиілету мақсатында бұл кезеңділік өзгертілуі мүмкін. Бүгінгі таңда Ойындарға дайындық жұмыстары аяқталуда. Олимпиадада барлығы 33 спорт түрінен 330 дана медаль ойнатылады. Жарыстардың кейінге шегерілуі және короновирусқа қарсы шараларға байланысты Олимпиада бюджеті өсіп 1,64 трлн иен ($15,9 млрд)  құраған. 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: inform.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×