Now Reading
Алматылық оқушы Кубик Рубик көмегімен портреттер жасайды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматылық оқушы Кубик Рубик көмегімен портреттер жасайды

Алматылық оқушы Кубик Рубик көмегімен портреттер жасайды

Алматы қаласының тұрғыны, жетінші сынып оқушысы Тимур Омаров Кубик Рубик көмегімен атақты тұлғалардың портреттерін жасайды.  Осы уақытқа дейін Тимур 30-дан астам образ жасап шыққан. Олардың ішінде –– Геннадий Головкин, Иманбек Зейкенов, Скриптонит пен Димаш Құдайберген бар.  Тимур қолына алғаш рет Кубик Рубикті  жет жыл бұрын алған. Ол кезде кубикті    минут ішінде жинайтын.  Жылдар өте келе шеберлігін шыңдай түсіп Тимур 20 секунд ішінде толық жинайтын болған. Жақында Тимур анасының портретін жасамақ болып ниеттенді, бірақ қанша кубик кететін шамалай алмаған. Сол кезде анасының суретін компьютерлік бағдарламаға жүктеп, қажетті түстерді таңдап, суретті пиксельдерге бөлген. Нәтижесінде 500 шаршы шыққан. Соншама кубикті әкесі ойланбастан сатып алып беріп, тіпті портретке қажетті раманы да жасап берген. Тимур портретті екі сағат ішінде жасап шыққан.     

 Тимур Омаров, 7 сынып оқушысы: мен Интернеттен Украинада бір жігіттің портреттер жинайтынын көрдім. Менің де жасағым келіп, ата-анама өтініш білдірдім. Олар маған қолдау білдірді. Тимурдың анасы баласының осындай қызығушылығы басында таң қалдырғанын айтты. Уақыт өте келе өзі де баласының ісіне араласып, қолына камера алып портреттерді жасау барысын видеоға түсіре бастаған. Тимур әлеуметтік желілерде парақшалар ашып видеоларын жүктеп отырған. Бірнеше күн ішінде екі мыңға жуық оқырман жинаған. Тимурдың көптеген құрдастары осындай кубиктер жинаумен әуестенетін болып шықты.    

Александра Омарова, Т. Омаров анасы: — Тимур төрт жылдан бері компьютерлік академияға барып жүр. Ол жерде бағдарламалауды меңгеруде. Өзіне белгілі бір мақсаттар қойыпты. Меніңше, ол дегеніне қол жеткізеді. Ол фотосуреттерді өндеу және Кубик Рубик жинақтау бойынша бағдарлама жазып шықпақшы. Жаңа портреттер көбіне оқырмандардың өтнішіне сәйкес жасалып отырады. Төрт ай ішінде отыздан астам атақты тұлғалардың суреттерін жинап шықты. Осы суреттерге қарап отырып жастар арасында қандай тұлғалардың танымал екендігін аңғаруға болады. Олар:  Криштиану Роналду, Геннадий Головкин, Димаш Құдайберген, Иманбек Зейкенов  және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

Источник: 24.kz 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×