Now Reading
Ақмола облысының дүкендерінде тегін азық-түлік сөрелері пайда болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақмола облысының дүкендерінде тегін азық-түлік сөрелері пайда болды

Ақмола облысының дүкендерінде тегін азық-түлік сөрелері пайда болды

Ақмола облысының дүкендерінде тегін азық-түлік сөрелері пайда болды. Мұндай қайырымдылық шарасы әзірге тек Бурабай ауданында ғана жүзеге асырылып отыр. «Жақсылық сөресі» деп аталған сөрелер 15 дүкенде ашылған. Ол сөрелерге қойылатын азық-түліктерге барлық қайырымды жандар атсалысуда. Жергілікті еріктілердің мұндай бастамасына мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер қолдау білдірген. Дүкен иелері де мұқтаж жандарға арналған мұндай сөрелердің бос қалмауына үлестерін қосып отыр. Аталмыш жоба облыстың өзге де аудандарында жалғасын табады деп жоспарлануда.
Еріктілер қозғалысының жетекшісі Олеся Баимова: — Біз осы сөрелерді енді орнатып жатқанда бізге Қарағанды қаласынан қонаққа келген студент дүкенге келіп сөрелерді көріп, алғашқылардың бірі болып сөрені толтыруға көмектескен. Осы жобаға көптеген тұрғындар қатысты. Мәселен, үйлерінде тұздалған өнімдері, тосаптары барлар, банкілеп осы сөреге әкелген, ал үйінде тауықтары барар жұмыртқа әкеледі».

 

 

Источник: Хабар 24

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...