Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін қаржылық қолжетімділік пен қаржылық қызмет сапасын арттыру жөніндегі жұмыс тобының өкілдері төрт банк бөлімшесінің мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар (бұдан ары қарай МШТ) үшін қажетті аспектілеріне мониторинг жүргізді.
«Атап айтқанда кіреберістің қолжетімділігі; ыңғайлы және тиісінше жабдықталған пандустардың болуы, нашар көретін жандарға арналған арнайы жолдардың болуы, қызметкерді шақыру түймелерінің болуы және көмек көрсету үдерісіне анализ жүргізілді. Сонымен қатар технологиялық құрылғылар: банкоматтар мен терминалдардың МШТ түрлі санаттарының пайдалану мүмкіндіктеріне анализ жасалды», — дейді ҚНРДА Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев. Мониторингке шағын мобильді топ МШТ өкілі, сонымен қатар К.Иманалиев атындағы мүмкіндіктері шектеулі жандар құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Вениамин Алаев, жұмыс тобының хатшысы Дмитрий Акмаев және банк ұйымдарының өкілдері қатысты.
«Мониторинг барысында Алматы қаласындағы түрлі банктік бөлімшелерге анализ жасалды, кемшіліктер тізімі жасалды және ұсыныстар дайындалды. Бұл банктік ұйымдар осыған дейін МШТ қажеттіліктеріне барынша сәйкес деп ұсынылған болатын, — деп атап өтті Александр Терентьев.
Гоголь көшесі 91 мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан Халық банкі» АҚ бөлімшесі
Физикалық тұрғыда қолжетімді
Банкоматтар қол жетімді болуы үшін ыңғайлы пандус жасалған. Бөлімшеге кіреберісте де пандус бар (бірақ екінші ұстау тұтқалары жоқ). Банк қызметкелерін шақыру түймелері бар. Бөлімшенің ішінде арбалы МШТ арналған арнайы кассалар бар, сонымен қатар тиісінше жабдықталған дәретханасы бар. Нашар көретін жандарға арналған арнайы жолдар жоқ, бөлімше есіктерінде түрлі түсті маркирлеу жоқ. Пандустардың бірінде екінші ұстау тұтқалары жоқ.
Құрылғылардың қолжетімділігі
Банкоматтар биіктігі мүгедек арбасындағы клиенттерге қол жетерліктей. Банкоматтар мен терминалдар брайль шрифтерімен және дыбысты көмекшілермен жабдықталмаған, сондықтан оларды нашар көретін клиенттердің пайдалануына мүмкіндік жоқ.
Сапалы қызмет көрсету және қызметкерлер құзыретті біліктілігі
Банк қызметкерлері заңнамаға сәйкес МШТ өкілдеріне тез, білікті және кезексіз қызмет көрсетті. Нашар көретін клиенттерге құжаттарға қол қою үшін факсимиле пайдалануға рұқсат етілген. Жұмыс тобының қатысушысы шот ашып, қызмет көрсетудің барлық шарттарымен 10
минут ішінде таныстырылды.
Жалпы қорытынды
Аталған бөлімше МШТ барлық санаттарының барлық қажеттіліктеріне барынша сәйкес келеді және аздаған кемшіліктерін (брайль шрифттерін енгізу, нашар көретін жандарға арналған белгілер) жойған жағдайда 100 % инклюзивті болады.
Абылай-хан даңғылы 113 мекенжайындағы «Kaspi Bank» банкі бөлімшесі
Физикалық қолжетімділік
Бөлімшенің ыңғайлы пандусы, банк қызметкерін шақыру түймесі бар, нашар көретін жандарға арналған жолақтар бар. Арнайы кассасы жоқ.
Құрылғылар қолжетімділігі
Банкоматтар мен терминалдар биіктігі МШТ шағын мобильді өкілдерінің пайдалануына мүмкіндік бермейді. Брайль шрифттері мен дыбыстық көмекшілері жоқ. Сонымен қатар қызмет алу үшін құрылғыға орнатылған видеокамерадан сәйкестендіруден өту қажет.
Сапалы қызмет көрсету және қызметкерлер біліктілігі
Қызметкерлер шұғыл түрде көмекке келіп, туындаған сұрақтардың бәрін білікті түрде түсіндіреді. Сонымен қатар қызметкерлер барлық санаттағы азаматтарға мобильді қосымша көмегімен кез келген банк қызметін алуға көмек көрсетуге дайын. Сонымен қатар қызмет барысында қолмен қою қажеттілігі жоқ. Аталған банктен ақшалай несие алу тек Kaspi фирмалық банкоматтары арқылы ғана мүмкін болып табылады. Бұл банкоматтардағы қызмет алу барысында міндетті түрде үшін құрылғыға орнатылған видеокамерадан сәйкестендіруден өту қажет, бұл қызмет МШТ барлық санаттары үшін мүмкін емес болап табылады. Сондықтан несие барлық жандар үшін қол жетімді болғанымен, аталған санаттағы азаматтардың ішінде тек аздаған пайызы үшін ғана мүмкін болып табылады.
Жалпы қорытынды
Брайль шрифттерін орнату қажет және несие алу қызметтерін банкоматтан өзге жолдар арқылы алу мүмкіндіктерін қарастыру қажет.
Назарбаев даңғылы 100а мекенжайында орналасқан ForteBank АҚ
Физикалық қолжетімділік
Пандус болғанымен қол ұстайтын тұтқалары жоқ. Банк қызметкерлерін шақыру түймесі және нашар көретін жандарға арналған жолақтары жоқ. Осы кемшіліктер МШТ бөлімшеге баруына қиындықтар тудырады. Арнайы кассасы жоқ. Банкоматтар мен терминалдар барлық санаттағы МШТ үшін қолжетімсіз болып табылады. Брайль шрифттері мен дыбыстық көмекшілері жоқ, биіктіктері қолайсыз.
Сапалы қызмет көрсету және қызметкерлер біліктілігі
Қызметкерлері толықтай білікті, кезектен тыс қызмет көрсету және кез келген қызмет түрлерін алу қамтамасыз етілген. Нотариалдық сенімхат болған жағдайда құжаттарға мөртабан немесе факсимиле көмегімен қол қою мүмкіндігі бар.
Жалпы қорытынды
Бөлімше айтарлықтай ғана қолжетімді және барынша кемшіліктерді жоюды талап етеді. Сонымен қатар сенімхатты талап ету біршама қолайсыздықтар тудырады, себебі МШТ санатындағы клиент нотариустан соң қайта банкке баруы тиіс.
Назарбаев даңғылы 248 мекенжайындағы «Хоум Кредит Банк» АҚ
Физикалық қолжетімділік
Пандус тек шартты түрде бар деуге болады, себебі бөлімшеге МШТ өкілдері үшін ғана емес кез келген арбаның кіруіне арналмаған. Нашар көретін жандарға арналған жолақтары жоқ. Арнайы кассасы жоқ. Бөлімшеге жетуге көмек көрсететін банк қызметкерін шақыруға арналған түймесі бар. Жұмыс қызып жатқандықтан кезектен тыс қызмет көрсету ұсынылмады.
Құрылғылар қолжетімділігі
Банкоматтар мен терминалдар не биіктігі, не жарақталуы жағынан да МШТ қажеттіліктеріне жарамсыз. Дыбыстық көмекшілер мен Брайль шрифттері орнатылмаған.
Сапалы қызмет көрсету және қызметкерлер біліктілігі
Қызметкерлері толықтай білікті, кез келген мәселелер бойынша кеңес беруге дайын. Кез келген қаржылық қызмет түрін, соның ішінде факсимиле көмегімен алуға болады. Бұл банк МШТ барлық қаржылық қызмет түрлерімен, соның ішінде несиелік қызмет алу мүмкіндігін толықтай ұсынады.
Қорытындылай келе барлық банк бөлімшелерінің техникалық құрылғылары МШТ көптеген өкілдерінің қажеттіліктеріне сәйкес келмейді. Мәселенің бір бөлігін Брайль шрифттерін орнату арқылы шешуге болады. Бірақ құрылғылар биіктіктері шағын мобильді МШТ үшін сәйкес келе бермейді. Бұл әсіресе арнайы кассалары жоқ бөлімшелер үшін аса маңызды кемшілік, осының салдарынан қаржылық қызмет алуға мүмкіндік жоқ немесе мәліметтер қауіпсіздігі мен құпиялылығын сақтау деңгейін төмендетеді. Себебі бұл жағдайда клиент барлық операцияларды менеджер көмегіне жүгіне отырып алуы тиіс болады. Барлық ұйымдардың қызметкерлерінің біліктілігі және көмек көрсетуге деген дайындығы өте жоғары.
МШТ несие алу мәселесі өзекті болып қала береді. Алдағы уақытқа жоспарлаған Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін қаржылық қол жетімділік пен қаржылық қызмет сапасын арттыру жөніндегі жұмыс тобының қызметі барысында қосымша талқылауға алынатын мәселе болып қала береді», — деп тұжырымдады Александр Терентьев.
Источник: inbusiness.kz