Now Reading
Қазақстанда аутизмі бар балаларға қандай көмек көрсетіледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда аутизмі бар балаларға қандай көмек көрсетіледі

Қазақстанда аутизмі бар балаларға қандай көмек көрсетіледі

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тугжанов Қазақстанда аутизммен ауыратын балаларға қандай көмек көрсетілетіні туралы айтып берді.  

«Ментальді және жүріс-тұрысында ауытқулары бар балалармен жұмысты үш министрліктің құрылымдары: денсаулық сақтау (диагностика, медициналық оңалту және қалпына келтіру емдері), білім және ғылым (үйлестіру-дамытушы оқыту және арнайы білім беру қызметтері), халықты әлеуметтік қорғау (мүгедектік тағайындау және әлеуметтік оңалту) жүзеге асырады – деп жазды  Ералы Тугжанов өзінің депутаттық сауалнамаға жасаған жауабында. Үкімет хабарлағандай аталған мемлекеттік органдарында – денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және білім беру  органдарында республика бойынша 6 мыңнан астам бала тіркелген. 

-АСА (аутентикалық спектр ауытқуы) бар балаларды тіркеу, мәліметтерді жинақтау, диагностика, оңалтудың жеке бағдарламаларын дайындау, мониторинг жүргізуді ПМПК, сонымен қатар www.chis.kz ақпараттық жүйесі жүзеге асырады. 

Сонымен қатар Ұлттық білім беру базасын жетілдіру аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар, соның ішінде АСА (аутентикалық спектр ауытқуы) бар балалар туралы статистикалық мәліметтер нысанын автоматтандыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Психикалық және жүріс-тұрыс ауытқулары бар, соның ішінде бойында АСА бар балаларды медициналық-әлеуметтік оңалтуды нормативтік реттеу мәселелері тұрақты түрде жетілдіріліп отырады, мультидисциплинарлық топ мамандарының құрамы бекітілген (дәрігер, психолог, әлеуметтік жұмыскер, әлеуметтік-тұрмыстық бағыт саласының маманы, дефектолог, логопед, орташа медицина қызметкері) —  деп атап өтті  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. Тізілім және (немесе) қызметтер көлемі ұлғайған жағдайда осы топ құрамының кеңейтілуі қарастырылған, осы бөлімшенің негізгі мақсаттары регламенттелген (психикалық қалыптасу, психихикалық-әлеуметтік оңалту, абилитация, психотерапия, тренингтер, эрготерапия, психологиялық үйлестіру) (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ224/2020 «Қазақстан Республикасы тұрғындарына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын бекіту туралы»).  Денсаулық сақтау министрлігінің ҚР ДМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК ресми сайтында АСА бойынша аұпараттық материалдар тұрақты түрде жарияланып отыратын «Ақпарат. Жадынамалар» деген айдар ашылған. «Ерте диагностикалау алгоритмі дайындалған «Балалар аутизмі» клиникалық хаттамасының құрылымына медициналық ұйымдарда медициналық көмек сапасын басқару жүйесін нормативтік қамтамасыз ету ретінде енгізілген. Аталған бағытта нақты шаралар қабылдау үшін Премьер –Министрдің  өкімімен (2020 жылғы 17 тамыздағы №112-р) 2021-2023 жылдарға арналған мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетудің жол картасы бекітілген. Жол картасы аясында мүгедектіктің алдын алу және ерте үйлестіру-дамыту көмектері жүйесін ұйымдастыру, оңалту қызметтерін ұйымдастыруды жетілдіру, тіркеу және арнайы техникалық құралдармен, дәрілік заттармен және медициналық құралдармен қамтамасыз ету, кадрлар даярлау және біліктіліктерін арттыру, арнайы тамақтандыруды енгізу тәрізді шаралар жүзеге асырылады, — деп хабарлады Е. Тугжанов.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тугжанов Ұлттық Ресурстық орталық ашу жоспарланып отырғанын айтқан болатын.  

      

 

 

 

 

 

 

Источник: inform.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×