Now Reading
Алматыда «Локация кейіпкері» сериясының алғашқы жарыстары өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда «Локация кейіпкері» сериясының алғашқы жарыстары өтті

Алматыда «Локация кейіпкері» сериясының алғашқы жарыстары өтті

Стартқа 900-ге жуық әуесқой спортшылар қатысты. Келесі аптада тағы екі жарыс өтеді.

Алматыда «Локация кейіпкері» сериясының алғашқы жарысы өтті. Сенбі мен жексенбі күндері Сайран көлінің жағасында, «Атакент» көрме орталығының саябағында және «Алматы Аренада» әуесқойлар сайысы өтті деп хабарлады «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры.
Жарыстарға 900-ге жуық әуесқой спортшылар қатысты.
«Локация кейіпкері» — бұл жаңа форматтағы жарыс. Бұл бір жарыс қана емес, қатарынан бес жарыс. Келесі аптада Горький саябағы мен Баум тоғайында тағы екі старт болады. Біз адамдар үнемі жүгіретін ең танымал саябақтарды таңдап алдық. Жарыс қашықтықтары шағын – 4-тен 7 шақырымға дейін, осының арқасында бұл стартқа жүгірушілердің көбірек қатысуына мүмкіндік бар», — деді қор директоры Салтанат Қазыбаева.
Барлық мәреге жеткендер медальдерге ие болды, ал жарыстың жеңімпаздарына серіктестер сыйлықтар табыстайды.

Алдағы 24 сәуірде өтетін жарыс кестесі:
• 09:00 — Орталық мәдениет және демалыс саябағы, ара қашықтық 6 км;
• 12:00 – Баум тоғайы, ара қашықтық 6 км.
«Локация кейіпкері»- карантиннен бір жылдан кейін ұйымдастырылып отырған қалалық жарыс. Ақпан айының басында қала басшылығының рұқсатымен және барлық санитарлық-гигиеналық шараларды сақтай отырып Қысқы жарыс өткізілді.
Салтанат Қазыбаеваның айтуынша «Бірінші болу – батылдық» корпоративті қоры шектеу шаралары жағдайында спортпен айналысуға ынталандыру ғана емес, эмоционалдық серпіліс деп есептелетін спортты бұқара арасына кеңінен таратуға ниетті.
«Біз барлық қажетті нормалар мен ережелерді сақтауға дайынбыз және біздің спортшыларға осы мәселеде бізге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз. Бүгінгі таңда бұл жарыстарды қауіпсіз өткізудің жалғыз жолы», — деді Салтанат Қазыбаева.
Сонымен қатар Тұңғыш Президент саябағында «Алматы марафонының» жүгіру жөніндегі жаттықтырушысымен тегін жаттығулар жалғасуда. Сабақтар сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 19: 00-де өтеді. Жүгірушілерді жинау орны — саябақтың орталығында, алма мүсінінің жанында.
2020 жылдың тамыз айынан бастап әлемде санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып спорттық шаралар өткізіліп келеді. Ресей, Өзбекстан, Түркия, Қытай, Жапония және басқа елдерде бұқаралық әуесқой старттар жандануда.

 

 

Источник: inform бюро 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×