Now Reading
Балалар үйінің түлектері мемлекеттен алған пәтерлерді жекешелендіре алмауда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Балалар үйінің түлектері мемлекеттен алған пәтерлерді жекешелендіре алмауда

Балалар үйінің түлектері мемлекеттен алған пәтерлерді жекешелендіре алмауда

Интернаттық типтегі балалар мекемелерінің түлектері жылдар бойы пәтер кезегінде тұрады. Нәтижесінде олар жекешелендіруге, сатып алуға, сатуға, айырбастауға немесе жалға беруге болмайтын тұрғын үй алады. Бірақ өмір сүру жағдайыңызды жақсартуға тырысып жатсаңыз пәтеріңізді оңай жоғалта аласыз.
Лариса К.Раев атындағы Көкпекті балалар үйіне 1999 жылы келіп түскен. Содан кейін 2005 жылдан 2008 жылға дейін училищеде аспазшы мамандығын игерді. Ол оқуын бітіріп шығып бірден далада қалды. Не ақша жоқ, не баспана жоқ, не өмірлік тәжірибесі жоқ, әрі қарай не істеу керектігі туралы түсінігі болмаған.
— Мен оқуымды аяқтаған кезде менің қолыма құжаттарымды беріп, құттықтады. Мен есіктен шыққан бойда қайда барарымды және қайда түнейтінімді де білмедім. Училищеде ата-анасы бар достарым болған. Сондықтан сол достарыма барып тұрақтадым, — деп еске алады Лариса. Бірақ уақыт өте келе ұятым оянып, үй иелері тарапынан жеткілікті деген ишара сезген кезде мен жиналып кетіп отырдым. Одан ары қарай кім шақырса сол жақта тұрып жүрдім» — дейді Лариса.
Лариса бойжете бастағанда балалар үйінен кейін қайда тұратыны туралы ойлана бастаған. Бар үмітім — мемлекеттік тұрғын үй болды. Бірақ үмітім ақталмады.
— Балалар үйіндегі барлық балалардың ішінде мен жалғыз жетім едім, анам да, әкем де қайтыс болды. Сол кезде жетім балалардың мемлекеттен пәтер алуға құқығы болатын. Мен алдын-ала жергілікті әкімдікке жүгініп, қабылдауға бардым, өзімнің жетім екендігімді және оқуымды бітірген соң барар жерім болмайтынын айттым», — дейді Лариса. — Ал олар мені ауызша сол жерде кезекке қойған сыңай танытты. Бірақ кейін мен оқу бітіріп шыққанда баспана жоқ болып шықты.
Ларисаның айтуынша, колледжді бітіргеннен кейін ол тағы да әкімдікке барып, өзінің кезекте жоқ екендігін анықтаған. Ол жергілікті атқарушы органға осы мәселемен бірнеше рет жүгінген.
— Мен жергілікті атқарушы органға барып, көз жасымды көлдетіп жүріп ақыры 2013 кезекке тұрдым. 2020 жылы қараша айында пәтер алдым. Бұл керемет қуаныш. Бірақ қуаныш көпке бармады берілген пәтер жекешеленбейді екен, пәтерде тек жалға алу құқығымен тұруға болады. Әр бес жыл
сайын келісімшартты жаңарту арқылы өмір сүре аласыз. Жалға алу ақысы шамалы — 5000 теңге оның үстіне коммуналдық төлемдер қосылады. Бірақ Лариса ай сайынғы төлем емес, бүкіл өмір бойы біреудің үйінде өмір сүріп жатқан сезімнен қорқатынын айтты.

Бас аяғы жоқ түсініксіздік

ШҚО білім басқармасының хабарлауынша 2009 жылға дейін үй алу кезегіне тек жиырма жасқа толмаған жетім балалар тұра алатын. Лариса мекемеде болған кезде осы санатқа жататын.
Сондай-ақ басқарма Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабына сәйкес жетім балалардың заңды өкілдері (және жаңа заң бойынша және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) баланы алты ай ішінде жергілікті атқарушы органға тұрғын үй алу үшін тіркеуге қоюы керек.
«Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары және (немесе) баланың заңды өкілдері тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу, сондай-ақ белгіленген мерзімде бұзушылықтармен тіркеуге тұру жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жауап берді басқарма.
Жетім балалар мемлекеттен төлем алуға құқылы.
«Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің ата-аналары қайтыс болған жағдайда, баланың заңды өкілі асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындау туралы уәкілетті органға жүгінеді. Қаражат баланың атына ашылған шотқа аударылады», — деп хабарлады департамент.
Сонымен қатар бөлім жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар басшыларының тәрбиеленушілердің банктік шоттарынан алимент, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерден алынған қаражатты алуға құқығы жоқ екенін атап өтті.
Қарап отырсақ заң бар, заңға сәйкес жазалау шаралары да бар, бірақ Лариса дер кезінде баспана кезегіне қойылмаған және мемлекеттен тиісті төлемдерді алмаған.
— Ешкім маған асыраушысынан айрылғаным үшін төлем жасаған жоқ, менің анам да, әкем де болмағанымен мен бір тиын да алған жоқпын, — дейді.
Бұл мәселеге жауапты орган бұл жағдайға жауап бермеген.
«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі қаулысымен «К.Раев атындағы Көкпекті балалар үйі» КММ таратылды. Осыған байланысты Ларисаның тіркеуге алынбау себебі туралы ақпарат беру мүмкін емес», — деп жауап берді білім бөлімі. Ата-анасы қайтыс болған жағдайда Лариса асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алуға құқылы болған».
Неліктен жетімге тиісті төлемдер тағайындалмағаны туралы ақпарат алу үшін «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың» ШҚ филиалына хабарласуға кеңес берді. ЗТМО кейіпкердің ешбір төлем алмағанын растаған. Біздің кейіпкеріміздің төлемдер алмағандығы туралы ақпарат Мемлекеттік ішкі әл-ауқат орталығында расталды.

Әрбір екінші адамның жағдайы осы тектес

Ларисаның оқиғасы бір ғана оқиға емес. Балалар үйінің тағы бір түлегі Татьяна өзінің тұрғын үйін жекешелендіруге рұқсат алу үшін жанталасып күресуде.
Таня 2003-2007 жылдар аралығында «Үміт» балалар үйі» КММ-де тәрбиеленді, асыраушысынан айрылғаны үшін 100 теңгеден сәл асатын төлем төленді, бірақ пәтер кезегіне қоймаған. Мұндай жауапкершілік үшін ешкім тәртіптік жазаға да тартылмаған.
— «Үміт» балалар үйі »КММ әкімшілігінің хабарлауынша, балалар үйінің мұрағатында түлектің жеке ісінің көшірмесі сақталмаған, сондықтан баспана кезекке қойылмаған себебін түсіндіру мүмкін емес», — деп хабарлады білім бөлімі.
Татьяна кезекке өздігімен тұрған. Армандаған пәтеріне жақында ғана қол жеткізген. Таняның да пәтері жекешелендіру құқығынсыз.
— «Бұл пәтер жекешелендіру және сатып алу құқығынсыз беріліп отыр. Мен онда өмір бойы жалдау төлемі ретінде 4325 теңге және коммуналдық шығындарын төлеп тұра аламын. Пәтерді жалға бере алмаймын. Мәселен қазіргі таңда мен жолдасыммен, ата-енеммен бірге тұрамын. Осы пәтерді уақытша жалға бергім келеді. Бірақ келісімшартқа сәйкес бұған тыйым салынған.
Аталмыш пәтерге қымбат жөндеу жасауға да қорқамын, аяқ астынан бұл пәтерді мемлекеттік қызметкерлерге, жас дәрігерлерге немесе мұғалімдерге беріп, менің өзімді басқа жалдамалы үйге ауыстырып тастауы да мүмкін ғой. Қабырғалардан қымбат тұсқағаздарды жұлып алып, жаңа сантехниканы өзіңізбен бірге ала жүреміз бе? Болмаса желге ұшқан ақшаны ойлап жылап отырмақпын ба?!», — деп тұжырымдайды Таня. Осы себептерден тұрғын үй бос тұр.
— Ал он жылдан соң не болатынын кім біледі. Олар тұрғын үйді жалға алу құқығы негізінде балаларға пайдалануға беру мүмкін болады дейді. Бірақ бұл сенерліктей сөздер емес», — дейді Таня.
Шығыс Қазақстан облысы балалар үйінің тағы бір түлегі Анастасия Татьянамен толықтай келісетінін айтты. Ол мектеп-интернаттар жүйесін бітіргеннен кейін кезекке тұрып, әлі күнге дейін пәтерін күтуде.
— Мен 2015 жылы 25 жасымда кезекке тұрдым. Жекешелендіру құқығының болмауы — күрделі мәселе. Бұл пәтер түптің түбінде сіздің пәтеріңіз емес. Мен бұл пәтерді балаларға қалдыру мүмкін емес және уақыт өте келе ештеңе өзгеріссіз қалуы мүмкін деп күдіктенемін. Өмір бойы пәтердің жалдау ақысын төлеумен өту меніңше ипотека төлеуден де жаман – дейді Анастасия.
2004 жылдан 2006 жылға дейін Настя тәрбиеленген балалар үйінде оны баспана кезегіне қоймаған, себебі мекемеге орналастыру кезінде біздің кейіпкеріміз жетім мәртебесінде болмаған. Дәл осындай Наулин балалар үйінің тәрбиеленушісі Еленаны да кезекке қоймаған. Лена мен күйеуі пәтер алуға құжаттарын тапсырды, алдағы уақытта пәтер алып пәтер жалдау шығындарынан құтылуға үміттененіп отыр.
— «Қазіргі уақытта біз пәтер жалдап тұрамыз, ол үшін 70 мың теңге төлейміз. Мен балалармен үйде отырамын, күйеуім жұмыс істейді. Оның жалақысы 100 — 120 мың теңгені құрайды. Оның 70 мыңы баспана үшін төленеді. Одан бөлек тамақ ішіп, киініп, аяқ киім кию керек, үй ақысын төлеу және басқа да шығындар бар. Бұл жалақы жеткізе бермейтін шығындар. Мемлекет бізге, балалар үйінің түлектеріне ешқандай назар аудармайды, адамдар жылдар бойы пәтерлер кезегінде тұрады», — деп Елена өз тәжірибесімен бөліседі.
Оның ойынша арқа сүйер ешкімі жоқ балалар үйінің тәрбиеленушілері өмірді адам көргісіз жағдайдан бастайды.
— «Менің бала кезімнен әкем болған жоқ. Мен балалар үйінен шыққан кезімде қолымда бір тиын ақшам да жоқ. Жол шығындарыма 1200 теңге беріп, қуып жіберді десем болады. Менің анам тірі. Бірақ шынымды айтсам, мен оның қайда екенін де білмеймін», — дейді Елена.

Кедергілер легі
Тұрғын үй — бұл балалар үйі түлектерінің сене алатын жалғыз мемлекеттің көмегі. Асыраушысынан айрылғаны үшін төлемдер де бар, бірақ бұ төлем бәріне тиесілі емес.
— Бастапқы көмек ретінде ешбір төлем берілмейді. Түлектер кейде заттарын жинап мекемеден шыққан күні-ақ үйлердің кіреберістерінде түнеп жатады. Уақыт өте келе бір-бірімен араласып, ұсақ-түйек жұмыстар жасап, пәтер жалдап күнелте береді», — деп ағынан жарылды балалар үйінің түлегі Александра Талхигова.
—Қазіргі уақытта Саша «Шығыс Қазақстан облысындағы жетім балалардың құқығын қорғау» қорында жұмыс істейді. Оның айтуынша, балаларға арналған интернаттық мекемелер жүйесі түлектерінің басты кемшілігі – олардың құқықтық сауатсыздығы, өздерінің құқықтары мен міндеттерін білмеу.
— Біз бір-бірімізден басқа ешкіммен араласпаймыз да, — дейді Саша. — балалар қоғам өміріне бейімделмеген. Өмір бойы тәрбиешілер жетектеп жүріп асханаға апарады, содан кейін кенеттен олар сіз еркін өмірге тап боласыз. Көптеген түлектер қаланы да білмейді, тек жатақхана мен колледжден басқа жаққа барып көрмеген.
Александра пәтерге кезекке тұру үшін кешегі жетімдер барынша тапқыр болуы керек дейді Мысалы, құжаттарды тапсыру үшін сізге мекемеден шыққан кезде тұрғылықты жерден анықтама талап етеді. Осы мәселені әркім өзінше шешеді, біреулер таныстарына өтініп тіркеу жасатып жатса, кейбіреуі анықтаманы сатып алып жатады, ал кейбіреулері онсыз өмір сүреді.
Балалар үйінің тәрбиеленушісінің шарасы болмай жатса, кейбір арсыз азаматтар оларды өз пайдаларына пайдаланып жатады.
— «Мен аспазшы мамандығын бітірдім, маған ешқандай жұмыс ұсынылмады. 18 жасымда мен арық және кішкентай болдым, түрім 15 жасар баладай болды. Мен қайда барып, сұхбаттасудан қалай өтуді білмедім, — дейді біздің алғашқы кейіпкеріміз Лариса. — Мені жиі алдайтын. Біріншіден, олар мені жұмысқа шақырады, тіпті тұратын жер де беретін. Содан кейін бір айдан соң олар маған жұмысқа сәйкес келмейсің деп жалақы төлеместен жұмыстан шығарып жіберетін. Мен олармен бірге тұрғандықтан жалақымды сұрауға да ұялатынмын».

P.S. Өскемен қаласы Тұрғын үй қатынастары бөілімі қазіргі уақытта облыс орталығында Көкжал Барақ көшесі 22 үйіндегі (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға берілген пәтерлерден) пәтерлер жекешелендіруге берілмейтінін хабарлаған. Себебі аталған үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын жекешелендіру құқығынсыз тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында салынған.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарты жалға берушінің талабы бойынша бірнеше негіздер бойынша, мысалы, егер тұрғын онымен бір тұрғын үйде тұруға мүмкіндік бермейтіндей жүйелі түрде жатақхана ережелерін бұзса немесе пәтерде тұратын адам орналасқан жеріне қарамастан меншік құқығында басқа тұрғын үйге ие болған жағдайда бұзылуы мүмкін.

 

 

 

Источник: yk-news.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×