Now Reading
Ерекше балалардың нашар оқу жағдайлары үшін мектеп директорлары жазаланады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ерекше балалардың нашар оқу жағдайлары үшін мектеп директорлары жазаланады

Ерекше балалардың нашар оқу жағдайлары үшін мектеп директорлары жазаланады

Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 162 мың бала бар екен.
Мәжіліс депутаттары инклюзивті білім туралы заң жобасына енгізілген түзетулерді мақұлдады.
Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова атап өткендей, құжат мемлекет басшысы Жолдауының мүгедектігі бар тұлғалардың кемсітусіз білім алуын қамтамасыз ету бөлігін жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
Депутаттың айтуынша, бүгінгі таңда елімізде 162 мыңнан астам ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар немесе балалардың жалпы санының 2,7% -ы ерекше білім беру үдерісін қажет етеді.
Заң жобасы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды өмір бойы үздіксіз білім берудің барлық деңгейлерінде білім алуын жалғастыру, өзін-өзі жетілдіруге жағдайлар жасау саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді қарастырады – деп көрсетеді Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысында.
Сонымен қатар заң жобасына ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін құру, психологиялық-педагогикалық қолдау үшін арнайы жағдайлар жасауды реттеуге қатысты түзетулер енгізілген. Білім алушының даму ерекшеліктеріне байланысты оқу жоспарларының өзгермелілігін, икемділігін қамтамасыз ететін нормаларды қосу.
Заң жобасы білім беру ұйымы басшысының оқуға қабылдау ережелерін бұзғаны үшін және білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларға заңмен қарастырылған арнайы жағдайлар жасамағаны үшін жауапкершілігін белгілейді, — деп атап өтті комитет.
Заң жобасы бойынша жұмыс барысында депутаттар білім беру саласындағы уәкілетті органның мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережесін әзірлеу және бекіту құзыретін толықтыруға бағытталған түзетулер енгізді.
Жалпы заң жобасы «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді..

 

 

Источник: zakon.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×