Now Reading
Мәжілісте мектепке қабылданарда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестен өтуді жою туралы заң жобасы мақұлданды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мәжілісте мектепке қабылданарда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестен өтуді жою туралы заң жобасы мақұлданды

Мәжілісте мектепке қабылданарда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестен өтуді жою туралы заң жобасы мақұлданды

Мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандар жеткіліксіз, — деп атап өтті депутаттар.
Мәжіліс депутаттары мектепке қабылданарда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестен (ПМПК) өту алып тасталынатын инклюзивті білім беруге түзетулер енгізілген заң жобасын мақұлдап, Сенатқа ұсынды. Бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім беру ұйымына қабылдау ПМПК қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
«Оқу үдерісі басталғанға дейін ПМПК-ны талап ету балалардың құқығын біршама бұзатын еді. Мектепке дейінгі жастан бастап қажетті тексерулерден өтіп және баласының даму траекториясын жақсы білетін ата-аналардың санаты бар. Мұндай тексеруден өтпей, баланы мектеп жағдайына бейімдеуге жіберуге болады деген пікірді ұстанатын ата-аналар да бар. Бұл жағдайда мектеп білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде білім беру процесін ұйымдастырады», — деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.
Мәжіліс мектептерде тиісті кадрлардың жетіспеушілігі туралы мәселені де көтерді.
«Ақмола облысы Сандықтау ауданында тек үш мектепте дефектолог бар. Бес логопед, төрт әлеуметтік мұғалім, мүгедектігі бар балаларды ертіп жүретін екі көмекші педагог жетіспейді», — деп депутаттар мысал келтірді.
Парламент төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл түзетуді білім беру мекемелерінде осы норманың неге алынып тасталатынын әлі түсінбеген ата-аналарға түсіндіру керек екенін баса айтты.
Мәжіліс спикерінің айтуынша, жеке білім беру бағдарламалары ерекше қажеттіліктері бар балаларға бейімделіп жасалады, оларға психологиялық-педагогикалық қолдау енгізіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың жан басына шаққандағы стандарты әзірленеді.
«Мұның бәрі балалардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Заң қабылданғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуға тең қол жетімділігі үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етуі керек», — деді Нұрлан Нығматулин.
«25 ақпанда Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны артып келе жатқанын, бірақ сонымен бірге осындай мамандандырылған ұйымдардың жұмыс істеуінің қолданыстағы нормаларының ескіргенін атап өтті. Мемлекет басшысы өңірлердің ерекшеліктері мен заманауи стандарттарды ескере отырып, осы саладағы нормативтерді жаңартуды тапсырды.

 

 

Источник: inform бюро

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×