Now Reading
Павлодар облысы Білім басқармасының қызметкерлері ақша жымқырды деп күдікке ілінді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодар облысы Білім басқармасының қызметкерлері ақша жымқырды деп күдікке ілінді

Павлодар облысы Білім басқармасының қызметкерлері ақша жымқырды деп күдікке ілінді

Павлодар облысы білім басқармасының қызметкерлері бөтен адамға тиесілі мүлікті иемденді немесе жымқырды деген күдікке ілінді.
«Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету» бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша «Павлодар облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаймыз. – деп жауап берді облыс департаменті.
Тергеудің басқа деректері жария етілмеді.
Бұған дейін желіде Павлодар облысы әкімдігінің Білім басқармасы бастығының орынбасары С.У.Алекпароваға және «Киров атындағы зауыт» АҚ директоры А.С. Аргымбаевқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығы туралы ақпарат пайда болды. Олар 10 мыңнан астам ноутбук пен 2600 компьютер сатып алу және ол компьютерлерді лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етусіз заңсыз қабылдау арқылы 910 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланды. Бұл жайт салдары студенттердің қашықтықтан оқытуға ауыстыруға кедергі келтірген.

 

 

Источник: zakon.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...