Now Reading
Қазақстанда 4 мамырдан бастап «Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау басталады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда 4 мамырдан бастап «Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау басталады

Қазақстанда 4 мамырдан бастап «Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау басталады

«Болашақ» стипендиясына үміткерлер тізімде көрсетілген шетелдік жоғары оқу орындарына өз еріктерімен қабылдануы тиіс.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 4 мамырда басталып, 28 қазанға дейін жалғасады.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде негізгі дайындық жұмыстары жүргізілген және биыл стипендия тағайындау үш кезеңге — маусым, тамыз және қараша айларына жоспарланған.
«Бағдарламаның ерекше жаңалығы — стипендияларды да үшке бөлініп табыстау жоспарланған.
Барлық үміткерлерді алаңдатып отырған конкурстың басты құжаттарының бірі – бағдарлама бойынша білім алуда басшылыққа алынатын басым мамандықтар тізімі», — деп атап өтті спикер.
Өткен жылы стипендия тағайындау ережелеріне өзгерістер енгізіліп, бұл іріктеу үдерісіне және сәйкесінше «Болашақ» байқауына қатысуға әсер етті.
«Айта кету керек енді магистратура мен докторантура мамандықтарының барлық талапкерлері тізімде көрсетілген шетелдік жоғары оқу орындарына өз еріктерімен қабылдануға мәжбүр болады.
Қабылдау нәтижелері бойынша стипендия тағайындау үшін құжаттарды тапсыруға болады», — деді департамент өкілі.
Шетелдік ЖОО-лар тізімі бірнеше күн бұрын қоғам қайраткерлері, білім мен ғылым саласының мамандарынан құралған республикалық комиссияның отырысында қарастырылып бекітілді.
Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары оқу орындары мен шетелдік ұйымдардың тізімі 207 университетке дейін көбейген. 2020 жылы бұл тізімде 138 университет болған.
«Қазақстандықтар оқи алатын ұйымдардың тізімі айтарлықтай жаңартылды. Биылғы жылы тізімге үш халықаралық академиялық рейтингке енген 27 елдің 207 университеті және екі немесе одан да көп халықаралық академиялық рейтингтердегі алғашқы 250 позицияға QS, Times Higher Education (THE), Әлемдік университеттердің академиялық рейтингтері (ARWU) енді», — деп атап өтті Мирас Дәуленов.
Биылғы жылға арналған «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімінде академиялық дайындық бойынша 80 мамандық және тағылымдамадан өту үшін 137 мамандық қарастырылған.
«Вирусология», «Робототехника», шығармашылық экономикаға байланысты мамандықтар тізімге енді.
Биотехнологтар, биологтар, сонымен қатар вакцинология саласындағы мамандықтар да тізімге енді. Мамандықтардың жеті блогының ішінде «Инновациялар және жаңа технологиялар» мамандықтарын бөлек атап өткім келеді.
Бұл блокта экономикада жаңа өндірістер құруға және қолданыстағы өндірістердегі прогресске айтарлықтай ықпал ететін инновациялық мамандықтарды даярлаудың барлық бағыттары біріктірілген», — деді Мирас Дәуленов.
Бұл тізім мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдардың өтініштері негізінде, сондай-ақ елдің еңбек нарығы қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отырып әзірленді.
Жұмыс барысының адал өтуі үшін Тізімді арнайы комиссия қарастырып мақұлдады.
2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 555 стипендия магистратураға, резидентураға және докторантураға бөлінеді.
«Ғалымдар» деп аталатын тағалымдаманың жаңа санаты бойынша 500 стипендия тағайындалды. Бұл санат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес құрылды.

 

 

Источник: Newtimes

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×