Бастапқы кезеңде аймақта мектептердегі, университеттердегі және сауда орталықтарындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының 10 бұрышы іске қосылады. Кейін бұл тәжірибені бүкіл ел ішінде кеңінен пайдалануға болады.
Батыс Қазақстан облысында пилоттық тәртіпте университеттерде, мектептерде және сауда орталықтарында ХҚКО бұрыштары ашылады — деді Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдад Мусин Facebook парақшасында.
Басқарма басшысы өңірге сапары туралы айтып, клиенттердің мүдделерін ескере отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының бұрыштарын қол жетімді жерлерге ашу қажетілігі туралы айтты.
«Мысалы, студент басқа қаладан келеді және сол жерде, яғни университетте, өзіне барлық қажетті мемлекеттік қызметтерді ала алады. Бүгінгі таңда әкімдікпен осындай 10 бұрышты іске қосу туралы келісімге келдік. Сондай-ақ кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсететін Open әкімдікте болдым, мысалы Ауыл шаруашылығы министрлігіне құжаттарды қабылдау және жіберу тәрізді қызметтерді жүзеге асыру. Осы мақсатта әкімдікте бірқатар мамандар отыр. Осы ұйым жұмысын қайта қарастырып ХҚКО-ға тапсыруға болатын мемлекеттік қызметтерді анықтауды ұсындым», — деп жазды министр.
Ол аймақтарға сапары кезінде жұмысты жақсарту бағытында жаңа идеялар пайда болатынын атап өтті.
«Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына барғанда, мысалы, оңтайландыруды талап ететін жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттарды қабылдау үдерісін қарастырдық. Оператор клиенттің барлық құжаттарын сканерлейді, яғни базада бар мәліметтер қайта базаға енгізіледі. Екіншіден, автомектептер базасын құрып қажетті мәліметтер алу үшін олардың жүйесін біздің жүйемен біріктіруді тапсырдым», — деді Бағдат Мусин.
Министр сонымен қатар БҚО әкімдігінен әріптестеріне «Қауіпсіз қала» жүйесінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінің дерекқорларын біріктіру мәселелерін шешуге көмектескенін жеткізді.
Источник: inform бюро