ХХ ғасырда соғыс немесе індет салдарынан отбасылар толық емес отбасы болып жатса, бүгінде себептер мүлдем басқа.
Әрбір 5-ші қазақстандық отбасында балаларды тек анасы немесе тек әкесі ғана тәрбиелейді. Бұл қазіргі кезде кең таралған модель және қате немесе табиғаттан тыс құбылыс емес. Балалар қауіпсіздігі мен отбасылық даму жөніндегі сарапшы, Қазақстандағы жалғызбасты аналар туралы кітаптың авторы Динара Құсайын баланы толық емес отбасында тәрбиелеудің жақсы да, жаман да емес екенін атап өтті, өйткені барлық жалғызбасты аналар табысы жағынан да, өмір сапалары жағынан да мүлдем өзгеше және сәйкесінше мұндай отбасылар да мүлдем өзгеше. Баланың екі биологиялық ата-анасымен бірге өмір сүруі, оның бақытты және бақуатты өмірінің кепілі бола алмайды. Мәселе балаларда емес, ересектерде екені белгілі. Балалар өздері үшін авторитет болып табылатын ересектерден естігендерін қайталайды», -дейді Динара Құсайын.
Егер ХХ ғасырда отбасылар соғыстың немесе аурудың салдарынан толық болмай қалса, бүгінде себептер басқаша. Бұл мәселеге стериотипті көзқарас болмауы керек деп санаймын. Жалғызбасты аналар БАҚ-та сирек көрсетіледі, ал егер олар көрсетілсе, көбінесе кедей, мұқтаж немесе наразылық білдіретін топ ретінде көрсетіледі.
Бірақ ана жалғыз бола алмайды, өйткені оның баласы бар. Баланы өз бетінше тәрбиелеп отырған ата-ана бүгін ажырасқан, жесір әйел, бастапқыда екінші ата-анасымен тығыз қарым-қатынаста болмауы, баланы асырап алуы, сондай-ақ донорлық материалдың көмегімен немесе суррогат ананың қызметіне жүгінген болуы мүмкін, — дейді Динара Құсайын. Осыған қарамастан толық емес отбасыларда өскен адамдарда мінез-құлық үлгісі сақталып қалуы мүмкін, сондықтан әкесіз отбасында өскен қыздың өзі жалғызбасты ана болуы әбден мүмкін. Бұл заңдылықтың сақталатынын ұрпақтан-ұрпаққа күйеуі жоқ әйелдер қалған кейбір отбасылардың мысалынан көруге болады. Бұл жерде міндетті түрде әжесі ажырасқан емес, мүмкін атасы соғыста қаза тапқан немесе қайтыс болған шығар. Әжесі сүйіктісінің қайтыс болуын қабылдамай жалғыздықта, қайғыда қалды. Ол өзінің сүйіктісін жоғалту қорқынышын бейсаналы түрде қызына береді. Осы қорқынышпен бойжеткен қыз отбасын құрған соң, бейсаналы түрде сүйіктісін жоғалтып алу қорқынышы оны түрлі себептермен ажырасуға итермелейді. Немере қыз әжесінің, анасының сезімдерін бейсаналы түрде қабылдағандықтан, оның отбасылық өмірі тіпті қиынға соғады. Әкесіз өскен қыздарды да осы қатарға жатқызуға болады. Ерлермен араласудың базалық ілімдерін көрмей бойжеткендер қорқыныш, көңілі толмау, реніш жиынтығынан отбасында сүйіспеншілік болса да және жолдасы жақсы болса да шиеленісті тудырады, — дейді Эриксон гипнозының маманы, сарапшы, «Тағдырды біртұтас үйлестіру» нұсқаушысы Эльмира Қасымбекова.
Ер балаларға қатысты, әсіресе ажырасуға байланысты отбасында жалғыз ұлдар азап шегеді, өйткені анасы өзінің сүйіспеншілігін ұлына береді, сондықтан бала өсіп, өмір бойы анасына қызмет етуді жалғастырады және жалғыздықта оның психикалық ауруына дәрі ретінде қала береді. Мен адамның шығу тегі саласында бағдарламалар аясында маманданданудан өтіп жүрмін. Бала үшін ата-ананың екеуі де болғаны және оған деген шексіз сүйіспеншілігі, әрине, ажырасқан жағдайда да бала үшін маңызды. Бірақ ата-ана арасында сыйластық пен сүйіспеншілік жоқ отбасы балаға психикалық тұрғыда аз соққы емес, тіпті мұндай балалар тереңірек соққы алуы мүмкін. Балалар жалған сезімдерді сезініп өседі. Бала «мұндай отбасынан гөрі жалғыз болған жақсы» деген сезіммен ер жетеді.
Бүгінде балалық шақтан келе жатқан осындай психологиялық проблемалармен айналысатындардың көбейгені жақсы. Демек мұндай отбасындағы балалар ата-аналарының бала кезден келе жатқан жан жарасын арқаламайтыны немесе аздап қана арқалауы мүмкін деген үміт бар, — деп түсіндірді Эльмира Қасымбекова.
Болашақта қандай отбасылардың көп болатынын ешкім болжай алмайды.
Толық емес отбасынан шыққан адамның мінез-құлық моделі кез-келген әйел немесе ер адам жалғызбасты ана немесе жалғызбасты әке бола алатындай сақталуы мүмкін, себептер де түрліше болуы мүмкін, — Динара Құсайын қорытындылады.
Ең бастысы отбасылық қатынастарда «дұрыс немесе бұрыс» тұрғысынан қарастыру дұрыс емес қаншама сәттер болады. Дегенмен әр адамның білімін арттыру және әр адамның әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы қоғамдағы толеранттылық деңгейін көтеруге болады.
Источник: zakon.kz