Now Reading
Дәрігер ұйықтар алдында неге су ішуге болмайтынын түсіндірді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Дәрігер ұйықтар алдында неге су ішуге болмайтынын түсіндірді

Дәрігер ұйықтар алдында неге су ішуге болмайтынын түсіндірді

Диетолог дәрігер Дарья Русакова түнде жатар алдында су ішпеген жөн, су бүйрекке жүк болып ұйқы бұзылады дегенді айтады. Бүйрегіңіз түнде демалуы тиіс, ал сіз ішкен су үшін бүйрек жұмыс істейді.  

Дәрігердің айтуынша, негізінен сұйықтық ішуді ұмытпау керек — бұл ағзаны тазартады және судың тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Алайда диетологтың айтуынша, суды күннің бірінші жартысында пайдаланған жөн. 

«Ағзаны тазарту үшін сұйықтық міндетті түрде ішу қажет. Себебі сұйықтық бұл тамаша ыдыратушы. Бірақ түнгі ұйқыны бұзбас үшін оны барынша түске дейін ішкен дұрыс», — деп атап өтті Русакова.  

Маман адамға қажет сұйықтықтың стандартты нормасын атап өтті: «Егер адам артық салмағы болмаса, май басу, жүрек пен бүйректің қандай да бір созылмалы аурулары болмаса тәулігіне бір жарым – екі литр су стандартты норма болып табылады» — дейді диетолог.   

Сонымен қатар ішілетін сұйықтық көлемі адамның тұратын климатына, жыл мезгіліне, ағзасының ерекшеліктеріне, адамның спортпен айналуына байланысты өзгеретінін атап өтті маман. 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: tengrinews.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...