Now Reading
Қазақстанда мүгедектігі бар жандардың зейнетке шығу жасын төмендету ұсынылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда мүгедектігі бар жандардың зейнетке шығу жасын төмендету ұсынылды

Қазақстанда мүгедектігі бар жандардың зейнетке шығу жасын төмендету ұсынылды

 

Мүгедектігі бар жандардың зейнетке шығу жасын төмендету өзекті мәселе болып қала береді.

Мүгедектігі бар жандардың зейнетке шығу жасын төмендету туралы ұсынысты Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов жасады.

«2019 жылы Конвенция ережелерін іске асыру үшін 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша Ұлттық жоспар әзірленді және қабылданды. Ұлттық жоспарда атап өткендей, «қазіргі заманғы ғаламдық парадигма мүгедектік туралы дәстүрлі түсініктен өмір сапасына қатысты жеке айырмашылықтар мен әмбебап құқықтардың күрделі синтезіне көшуге негізделген. Мемлекет мүгедектігі бар жандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар шараларды қабылдауда. Сонымен бірге жұмыс істейтін мүгедектігі бар жандардың зейнет жасын қысқарту мәселесі назардан тыс қалып отыр. Бұл мәселе ұлттық жоспарда ешбір көрініс таппаған», — деп атап өтті Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша 600,4 мың мүгедектігі бар қазақстандықтардың жалпы санынан жұмыс істейтін азаматтар саны 85 472 адамды құрайды, оның ішінде:

  18-28 жас аралығында — 6997 адам (оның ішінде 1 топ — 219 адам, 2 топ — 1222 адам, 3 топ — 5556 адам);

  29-44 жас аралығында — 25 886 адам (оның ішінде 1 топ — 933 адам, 2 топ — 5427 адам, 3 топ — 19 526 адам);

  45 жастан зейнеткерлік жасқа дейін — 49 989 адам (оның ішінде 1 топ — 1241 адам, 2 топ — 11 818 адам, 3 топ — 36 930 адам);

  зейнеткерлік жас — 2,6 мың адам.

«Негізінен үшінші топтағы мүгедектігі бар жандар жұмыс істейді, олар 62 012 адамды құрайды, екінші топтағылар 18 467 адам, бірінші топтағы 2393 адам жұмыс істейді. Мүгедектігі бар жандардың 51 744 ер адам және 33 750 әйелді құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік банк дайындаған Дүниежүзілік мүгедектік туралы есепте негізгі ұсыныстардың бірі – мүгедектігі бар жандармен кеңесу және оларды саясат пен заңнаманы әзірлеуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ қызмет көрсетуге жұмылдыру қажеттілігі атап өтілді. Ешбір адам ол жандардың барлық қиындықтары және проблемаларын олардан артық білмейтіні анық», — деп аяқтады Смайылов.

 

 

 

 

Источник: total.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×