Now Reading
30 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініштер қабылдай бастайды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 30 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініштер қабылдай бастайды

30 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініштер қабылдай бастайды

Елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініштер қабылдана бастайды. Пәтерлердің бір шаршы метрінің құны 1455 теңгені құрайды.
Бағдарламаға баспана кезегінде тұрған және белгілі бір салада жұмыс істейтін елорда тұрғындары қатыса алады.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй орталығы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қабылдау басталғанын хабарлады. Өтінімдер katysu.zhilfond.kz порталында 2021 жылғы 30 сәуір мен 10 мамыр аралығында қабылданады.
Осы кезеңде елорда тұрғын үй кешендеріндегі 297 пәтер қатысушылар арасында бөлінеді:
•  «Сапа» ТК (Қосшығұлұлы көшесі 7);
•  «Тілендиев»ТК (Тілендиев даңғылы)
•  «Шұғыла» ТК (Сарыарқа ауданы, Абай көшесінің қиылысы).
Бағдарламаға елордада кез келген санат бойынша кезекте тұрған және келесі салаларда жұмыс істейтін азаматтар қатыса алады:
•  білім беру (51 пәтер);
•  денсаулық сақтау (57);
•  мәдениет (35);
•  спорт (41);
•  әлеуметтік қорғау (45);
•  полиция бөлімі (48);
•  Төтенше жағдайлар департаменті (20).
Жалға алынатын пәтердің бір шаршы метрі айына 1455 теңгені құрайды. Сатып алу мүмкіндігі бар жалдаудың ең ұзақ мерзімі — 20 жылды құрайды. Жалдау мерзімінің соңында тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді. Өтінім берушінің кірісі жеткіліксіз болған жағдайда кепілгер тарту мүмкіндігі бар.
Өтінім беру үшін ЭСҚ кілті және жұмыс орнынан арнайы мекеменің бланкінде берілген анықтаманың сканерленген нұсқасы болуы керек. Анықтаманың жарамдылық мерзімі өтінім берілген күннен 10 күндік мерзімді құрайды.
Өтінім беруші отбасының құрамына қарамастан кез-келген бөлмелі пәтерге (1-ден 3-ке дейін) өтініш бере алады. Бірақ таңдалған пәтер түрін алу өтінім берушінің төлем қабілетіне тікелей байланысты.
Мысал
Сіз ауданы 37 м 2 болатын бір бөлмелі пәтерді таңдадыңыз. Ай сайынғы төлем 53 835 теңгені құрайды. Отбасы үшін шамамен табыс 110 000 теңгені құрауы керек (басқа міндеттемелерді қоспағанда).
Іріктеу кезекке тұрған күнге сәйкес жүзеге асырылады. Осыдан кейін Қазақстанның ипотекалық компаниясында төлем қабілеттілігін бағалау үдерісінен өту қажет болады. ҚИК сенім телефоны: 8 (800) 080 44 48.
Өтінімдерді қарау нәтижелері zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Источник: inform бюро

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...