Алматы қаласында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың ересектері мен балаларына арналған 360 мың көйлек, футболка, шалбар костюмдері және басқа киімдер таратылады.
Қала кәсіпкерлері осы отбасылар киім-кешектерін жазға қарай жаңарту қажет деген ниетпен осы шараны қолға алды. Көмек «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылып, 250 мың отбасын қамтиды. Бұл акция жыл сайын өткізіледі және жыл өткен сайын мұқтаж азаматтарды қолдауға ниет білдірушілер көбейіп келеді. Еріктілер заттарды таратуға көмектесті.
Алматы қаласы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бастығы Назира Тоғызбаева: — Киім-кешек Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне тапсырылады. Аудан әкімдіктері көпбалалы және мұқтаж отбасыларға таратуды жүзеге асырады. Бұл акцияны біз үнемі жүргізіп отырамыз, жылына үш рет киім-кешек таратамыз. 2021 жылдың басынан бері 4 мыңнан астам отбасы көмек алды. Мүгедектігі бар жандарға арналған арбалар, азық-түлік түрінде жасалған демеушілеріміздің көмегі.
Источник: 24.kz