Now Reading
Қазақстанда мемлекеттік білім беру грантына үміткерлер тізімі кеңейді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда мемлекеттік білім беру грантына үміткерлер тізімі кеңейді

Қазақстанда мемлекеттік білім беру грантына үміткерлер тізімі кеңейді

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2021 жылғы 21 сәуірде жоғары білім алу туралы екі қаулыға өзгерістер енгізілетін қаулы қабылдады.
Осылайша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ақысын төлеу үшін білім беру грантын тағайындау ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Білім беру грантының конкурсына енді азаматтардың жаңа санаттары қатыса алады:
• төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың балалары,
• кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасының балалары,
• бала кезінен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жандар отбасыларының балалары.
Осы санаттағы азаматтар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау үшін келесі қабылдау квотасы белгіленеді:
1. төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың балалары — 5 пайыз;
2. кемінде үш жыл осы мәртебеге ие толық емес отбасылардың балалары — 1 пайыз;
3. бала кезінен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жандар бар отбасылардың балалары, — 1 пайыз.
Қаулы 2021 жылғы 7 мамырда күшіне енеді.

 

 

Источник: zakon.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...