Now Reading
Мәжіліс әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы заң жобасын мақұлдады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мәжіліс әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар бірінші оқылымда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қатысты заңнамалық түзетулерді мақұлдады, — деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Салық кодексіне сәйкес түзетулер енгізілген заң жобасын депутаттар әзірледі және ол азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және олардың басқа азаматтармен тең дәрежеде қоғамдық пайдалы қызметке қатысуына, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері өндіретін тауарлардың (жұмыстарды, қызметтерді)  нарықта таралуына мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, әлеуметтік кәсіпкерлер мәртебесінің заңнамалық деңгейде нақты белгіленуі өте маңызды.
Заң жобасы әлеуметтік кәсіпкерлік түсініктерін, ұйымды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде жіктеу критерийлерін және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі бағытталған халықтың санатын анықтайды.
Сонымен қатар Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне кімдердің енетініне қатаң бақылау қажет, өйткені олар үшін салықтық жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған. Заң жобасына сәйкес Тізілімді аймақтық комиссия құрады.  Мәжіліс Төрағасы осындай аймақтық комиссиялардың қызметіне қажетті заңға тәуелді актілер іс-әрекеттің тікелей сипатын беретін, нақты және түсінікті болуы керек екендігіне тоқталды.
Сондай-ақ аймақтық комиссиялардың құрамына қоғам мүшелерін қосудың маңыздылығы атап өтілді. «Жергілікті тұрғындар қай кәсіпкердің қызметінен әлеуметтік қайтарым бар екендігін жақсы біледі. Кәсіпкер әлеуметтік, мәдени немесе экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді ме  немесе басты мақсаты — пайда табуды көздеп жасаған тек бір әрекеті ме деген сұрақтардың нақты жауабын да жергілікті тұрғандар жақсы білері сөзсіз. Бұл мемлекеттік органдар бақылауына қарағанда қатаң әрі тиімді қоғамдық бақылау түрі болады», — деп атап өтті Мәжіліс Төрағасы.
Депутаттар ұсынған әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының ішінде мүлік салығын төмендету және салық салынатын кірісті азайтудан өзге, заң жобасында инфрақұрылым беру, гранттық қаржыландыру, несие ставкаларын субсидиялау, мүлікті қолдау, кадрларды даярлау, бизнес табуға көмектесу, серіктестер және жеделдету бағдарламалары арқылы дамыту мәселелері  қарастырылған.
Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары ратификациялық заң жобаларының пакетін мақұлдады. Бұл Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу.
ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің ережелерін іске асыру мақсатында қол қойылды. Заң жобасын қабылдау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кедендік баждарды, арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждарды төлеу үшін бірнеше төлем тапсырмаларын пайдалану қажеттілігімен байланысты шығындарын барынша азайтуға, сондай-ақ кедендік баждарды әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жалпы отырыстың соңында парламентшілер мемлекеттік органдарға бірқатар депутаттық сауалдар жолдады. Оларды А.Милютин, Ж.Ахметбеков, К.Иса, С.Имашева, А.Қоңыров, А.Сембинов, А.Жұмабаева, З.Қамасова, И.Буларов, С.Ертаев, Е.Бейсенбаев, Ж. Әшімжанов баяндады (депутаттық сауалдардың мәтіндері www.parlam.kz).

Источник: Казинформ

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×