Now Reading
Қостанайда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көзі нашар көретіндер үшін үлкен мереке ұйымдастырылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қостанайда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көзі нашар көретіндер үшін үлкен мереке ұйымдастырылды

Қостанайда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көзі нашар көретіндер үшін үлкен мереке ұйымдастырылды

1 мамыр қарсаңында Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада өткен мерекелік бағдарлама «Ұлт бірлігі — ұлы байлық» деп аталды.
Мерекенің басты кейіпкерлері — зағиптар мен нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің оқырмандары, Қазақ соқырлар қоғамының өкілдері және мүгедектігі бар жандарға арналған түзету орталығының пациенттері болды. Олармен бірге әлеуметтік жұмыскер мамандығын таңдаған индустриалды-педагогикалық колледжінің ерікті-студенттері келді.
Бұл біз үшін керемет оқиға. Жақында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған бұрынғы кітапхана қоныс тойын тойлады. ТББК-де орналасқан көп қабатты үйдің пәтерлерінің бірінде орналасқан жарамсыз бөлмеден, кітапхана қызметкерлері Л.Толстой. атындағы кітапханаға көшті.
— Мен көзімнен мүгедектік алғанмын. Нашар, әлсіз көремін. Бірақ бұл менің кітапқұмарлығыма кедергі емес. 63 жасқа келгеніме қарамастан, мен кітапхананың белсенді оқырманымын және кітапхана қызметкерлерінің көмекшісімін, — деп күледі Өтеген Дәуітбаев.
— Кітапхананың көшіп келгені жақсы болды. Біздің денсаулығымыз шектеулі болса да, біз өзімізді еркін сезінеміз. Л.Толстой атындағы кітапхана қызметкерлері бізді керемет қарсы алды. Бұрын пәтер типіндегі кітапхана тар болатын. Мұндағы кең залдарда іс-шаралар өткізіп отырамыз, атап айтқанда сейсенбі мен бейсенбіде дойбы мен шахматшылардың жаттығу жиындарын өткіземіз, қыркүйек айында Шымкентке командалық жарыстарға баруға дайындалып жатырмыз.
— Мен 2015 жылы соқыр болып қалдым. Көздің торлы қабығы сыпырылыып қалды. Бірақ өмірім мұнымен тоқтаған жоқ, балалайка ойнауға қызығушылық танытып, меңгеріп алдым. Менің қолымдағы прима деп аталады. Мен кітапханаға келгеніме бір жылдай ғана болды. Алғашында кітаптар мен принтерде нота жазбаларымды шығарып алу керек болып келген едім, содан осы жерді ұнатып тұрақты оқырманға айналдым. Бүгін мен мереке қонақтарын өз ойыныммен қуантқым келеді, — дейді тағы бір оқырман Евгений Кондратенко.
Евгений «Под горою калина» атты орыс халық әнімен тыңдаушыларға шынайы қуаныш сыйлады.
Мерекеде көзі нашар көретін оқырмандар ғана емес және кәсіби әртістер Наталья Пикулева мен Валентина Крайчинская қазақ, орыс, украин, поляк және татар тілдеріндегі әндер орындады. Мерекенің көркі – Лидия Харченко оқыған «Жердегі жұмақ» өлеңі болды. Лидия Чуева, Гүлқайша Исмадьярова және Бәйтерек Жандарбеков сыйлаған әсем әуенді әндер Қазақстанның шексіз кеңдігіне музыкалық саяхат жасады.
Ерікті студенттер Котимханова Назерке мен Сахаутдинова Фанзира да қалыс қалмады — олар көптеген халықтардың үйіне айналған қазақ жері туралы әуендер орындады.
Кітапхана залында осы күнге арналған түрлі басылымдар көрмесі ашылды.
— Қазақстан халқының бірлігі күні — бұл мерекенің керемет атауы. Біз бір болғанда, біз күшті боламыз! Әрдайым солай болуы керек, — деді тұрақты оқырман Өтеген Дәуітбаев.

 

 

Источник: Костанайские новости

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×