Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне миллион теңгеден төлеу ұсынылды. Мұңдай ұсынысты Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс IV сессиясында әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Назира Тогизбаева депутаттар қарауына ұсынды.
«Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңіс күніне орай берілетің бір рет төлемнің мөлшерін 500 мыңнан бір миллион теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынамыз. Сонымен қатар еңбек ардагерлеріне, бейбіт уақытта қайтыс болған ҰОС ардагерлері әйелдеріне 50 мың теңге көлемінде көмек төлемін төлеуді ұсынамыз», — деді Назира Тогизбаева.
Бұл ұсыныс бойынша мәслихат депутаты Күпесбай Жампиисов былай деді:
«Бұл өте маңызды мәселе. Алматыда ҰОС ардагерлері небәрі 129 адам қалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Ардагерлерге деген мақтаныш пен құрмет әр қазақстандықтың жүрегінде мәңгі сақталады». Қазақстанның фашизмнің талқандалуына қосқан үлесі бәріне аян. Күнделікті ардагерлермен әңгімелесу барысында олардың биліктің, мәслихаттың Жеңістің 76-жылдық мерейтойында өздерін қалай бағалайтынын, қандай да бір сый-сияпат күтетінін байқаймын», — дейді депутат.
Депутаттар бұл ұсынысты қолдады.
Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының 25 ардагері тұрады. Биыл ардагерлер миллион теңге көлемінде бір реттік төлем алады.
Tengrinews.kz Жеңімпаздар жобасы аясында ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеке деректерін жинады. Әрбір Қазақстандық Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен еңбек майданына қатысушылар арасында эстетикалық, баға жетпес естеліктер мұрағатын толтыру үшін катысуға шақыратынын жазған.
Ол үшін веб-сайтта ардагерлердің мәлеметтерін көрсете отырып сауалнаманы толтыру қажет: толық аты-жөні, туған күні, әскери қызмет өткерген жылдары немесе тылдағы еңбектері туралы қысқаша ақпарат және фотосурет қалдыру қажет. Сонымен қатар оқиғалар WhatsApp + 7-700-905-1945 нөмірі арқылы да қабылданады.
Источник: tengrinews.kz