Now Reading
Елордада әлеуметтік осал отбасыларға 1000-нан астам азық-түлік себеттері таратылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада әлеуметтік осал отбасыларға 1000-нан астам азық-түлік себеттері таратылды

Елордада әлеуметтік осал отбасыларға 1000-нан астам азық-түлік себеттері таратылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында еріктілер мен елорданың аудандық әкімдігінің қызметкерлері көпбалалы, аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасыларға 1000-нан астам азық-түлік себеттерін тарата бастады.

Азық-түлік себеттерін жинауды еріктілер мен елорда әкімдігінің қызметкерлері «Хазрет Сұлтан» мешітінде жүзеге асырды, сол жерден машиналарға тиеліп, астананың 4 ауданындағы мұқтаж отбасыларға жеткізу басталды.

«Бүгін қасиетті Рамазан айында біз 1000-ға жуық азық-түлік себетін тарата бастадық. Бізге астананың авто-еріктілері азық-түлікті тиеуге және таратуға көмек көрсетуде. Себетте күнделікті тұтынатын маңызды өнімдер бар: күнбағыс майы, күріш, қант, ұн, құрма, кәмпит, печенье, шай, консервілер. Бір қораптың салмағы шамамен 25 кг», — деді елорда Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ана Бақыт Смағұлова қасиетті Рамазан айында жасаған сый үшін елорда әкімдігіне алғысын білдірді.

«Мен астана әкімдігі мен еріктілерге азық-түлік түрінде көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіремін. Бізді назардан тыс қалдырмай, қасиетті Рамазан айында келіп, осындай көмек көрсетіп жатқандарыңызға рақмет», — дейді Бақыт Смағұлова.

Азық-түлік себетін алған тағы бір жан – Венера Молбаева үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Үш күн бұрын ол Алматы ауданының әкімдігіне жүгініп, әлеуметтік көмек сұраған. «Үш күн бұрын мен аудандық әкімдікке қоңырау шалып, үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана ретінде өтінім қалдырған едім. Бүгін күтпеген жерден осындай көмек келді, мен өте қуаныштымын. Себетте тамақтануға аса қажетті азық-түлік бар екен. Мен астана әкімдігіне, аудандық әкімдік қызметкерлеріне көрсеткен қолдау үшін үлкен рахмет айтқым келеді!» — деп бөлісті елорда тұрғыны Венера Молбаева.

 

 

 

 

 

 

Источник: elorda.info

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×