Now Reading
Мектеп оқушылары 9 және 11 сыныптардағы емтихандарды алып тастауды өтінді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мектеп оқушылары 9 және 11 сыныптардағы емтихандарды алып тастауды өтінді

Мектеп оқушылары 9 және 11 сыныптардағы емтихандарды алып тастауды өтінді

№ 109 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы Даниял Пазыл Қазақстан мектептеріндегі 9 және 11 сыныптардың қорытынды аттестациясын алып тастауды өтініп, видеоүндеу жасады. Мектеп оқушылары арасында танымал TikTok әлеуметтік желісінде жарияланған видео 400 мыңнан астам қаралым жинаған. 

Видеода Даниял Пазыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға ашық үндеу жолдайтынын айтады. 

«Біз 2021 жылғы 9 және 11 сыныптар үшін қорытынды аттестаттауды алып тастауды және түлектердің аттестаттарына жылдық бағалау негізінде бағалар қоюды талап етеміз. Қазақстанда коронавирус жұқтырып ауырғандар саны бірнеше есе өсті. Өткен жылы вирустың өршуі басталған кезде мемлекеттік емтихандар алынып тасталды. Қазіргі таңда 14 облыстың 11-і «қызыл» аймақта болса да, емтихан өткізу жоспарланып отыр. Алты ай бойы біз азап шегіп, онлайн тәртіпте білім алдық, үшінші тоқсан оффлайн тәртіпте болды, бірақ бұл білім айтарлықтай нәтижелі бола қойған жоқ. Оқушылар тіпті мектептерде вирус жұқтырып алған жайттар да аз емес, бүгінгі таңда оқушыларда жүктеме көп. АҚШ пен Ұлыбритания елдері қорытынды емтихандардан бас тартты. 

Ал енді емтихан тапсыру шарттары туралы айтып көрейік. Вакцина алмаған 20 адам бір бөлмеде бес сағат маска киіп отырады, бұл оқушылар үшін стресспен қатар қауіпті екені анық. Салдарынан ауырғандар саны артуы әбден мүмкін» — дейді оқушы.

Видеоға 4 мыңға жуық желі қолданушылары қолдау көрсеткен. Оқушылардың көпшілігі аттестацияға  дайын емес екендіктерін жазады.

«Мен өзім тоғызыншы сыныпта оқимын, емтихандар болмайды деп үміттенемін, өйткені біз емтихан тапсыруға дайын емеспіз», «бұл видеоны ғаламторда барынша таратайық, бір жыл қашықтықтан білім алдық, ештеңе түсінбеймін, тақырыптардан білгенім де шамалы, емтихан  қандай болатынын білмеймін», — деп бөлісті оқушылар.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мемлекеттік емтихандарды алып тастау  жоспарланбағаны туралы хабарлады. Министрлік мектеп түлектерін қорытынды аттестаттаудың қалай өтетіндігі туралы хабарлама ұсынды.

 9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсырады:

• білім алу тілінен эссе түріндегі жазбаша емтихан;

• математикадан (алгебра) жазбаша емтихан; 

• өзге тілде білім алатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде білім алатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады:

• білім алу тілінен эссе түріндегі жазбаша емтихан;

• алгебра және анализ негіздері бойынша жазбаша емтихан;

• Қазақстан тарихы бойынша тестілеу;

• өзге тілде білім алатын мектептерде қазақ тілінде тестілеу және қазақ тілінде білім алатын мектептерде орыс тілінде тестілеу.

 

 

 

 

 

Источник: alau.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×