2021 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің аппараттық жиналысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Карбозова магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындаудың жыл сайынғы конкурсының басталуы туралы хабарлады.
Құжаттар eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы 2021 жылғы 4 мамыр мен 28 қазан аралығында қабылданады. Стипендиялар үш кезеңде — маусым, тамыз және қараша айларында тағайындалады. Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға 1055 стипендия бөлінді, оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламаларына бөлінеді. «Ғалымдар» деген жаңа санат бойынша 500 стипендия тағайындалуда. Бұл санат жыл сайын 500 ғалымға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссиямен бекітілген.
2021 жылы стипендияның ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар жаңалықтар енгізілді. Осылайша алғаш рет «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған жоғары оқу орындарының тізімі 3 жылға бекітілді. Бұл формат «Болашақ» стипендиясына конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлерді жоспарлау мен дайындауда қолайлы жағдайлар қалыптастыру және ыңғайлы ету мақсатында енгізілді. 2021-2023 жылдарға арналған «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне екі немесе одан да көп академиялық рейтингтің 250 позициясына енген 27 елден 207 жоғары оқу орны енді QS World University Rankings, World Universities of Academic Ranking, Times Higher Education.
Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізіміне академиялық дайындық бойынша 80 мамандық және тағылымдамадан өту үшін 137 мамандық енді. Биылғы жылы басым мамандықтар «Білім беру», «Медицина», «Инновация және жаңа технологиялар», «Өнеркәсіптік инженерия», «Жаратылыстану ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар» және «Шығармашылық индустрия» сияқты бағыттар бойынша бөлінеді.
2021 жылы бұл тізімге «Инклюзивті білім беру», «Қашықтықтан білім берудің әдіснамасы мен әдістемесі», «Эпидемиология», «Иммунология», «Вирусология», «Қала құрылысы», «Үлкен мәліметтерді талдау», «Жаңа материалдар технологиясы», «Робототехника», «Өндірістік автоматика». Биылғы жылдың маңызды айырмашылығы — экономиканың дамуына үлес қосатын инновациялық мамандықтарды біріктіретін «Инновация және жаңа технологиялар», «Шығармашылық индустрия» жаңа бағыттарының басым мамандықтар тізімінде пайда болуы. Бұл тізім мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдардың өтініштері негізінде елдің еңбек нарығына қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отырып әзірленді.
Источник: 24.kz