Now Reading
Қазақстанның мүгедектігі бар жандары SOS сигналын жолдауда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанның мүгедектігі бар жандары SOS сигналын жолдауда

Қазақстанның мүгедектігі бар жандары SOS сигналын жолдауда

Желіде Қазақстандағы мүгедектігі бар жандарды құтқару туралы үндеу жарияланды. Онлайн-құжаттың авторлары мемлекет басшысына созылмалы коронавирус пандемиясы салдарынан қиын жағдайға тап болған мүгедектігі бар жандар өздерінің жағдайларын алға тартып үндеу жолдады. олардың айтуы бойынша мүгедектер өздерінің сипаттайды, оның ішінде

Кезек күттірмейтін мәселелердің бірі – баспана жайы және ай сайынғы жәрдемақыны көбейту мәселесі болып отыр.

Өмірден тыс қалғандар

Осы жылдың 7 сәуірінде жарияланған петицияға 600-ден астам әлеуметтік желі пайданушылары қол қойды.

«Мүгедектігі бар жандардың көпшілігі үшін төмен жәрдемақы мен тұрғын үйдің жоқтығы, сондай-ақ коронавирус пандемиясының салдарынан көптеген отбасылар қиын жағдайға тап болды! SOS !!! Мүгедектігі бар жандарға назар аударуды өтінеміз. Сіз бізді мүлдем ұмытып кеттіңіз немесе біздің кедейлік өмірімізге назар аударуды қажет деп санамайсыз … Пандемия салдарынан бүкіл әлем қандай дағдарыста болса, біздің жағдай одан да мүшкіл екенін ұмытпаңыз. Біз, Қазақстандағы мүгедектігі бар жандар өмірден тыс қалып отырмыз, біздерге ешқандай көмек жоқ, тіпті қаражат бөлінген болса да, біз оларды көріп жатқан жоқпыз» — деп жазады құжат авторлары.

Мүгедектігі бар жандарға барынша көмек пен қолдау қажет, өйткені 35–65 мың теңге жәрдемақымен өмір сүру өте қиын — барлық қаражат жалға берілетін тұрғын үй мен дәрі-дәрмекке жұмсалады. Ал көпшілік жандардың жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ.

Үндеу бастамашылары БҰҰ-ның мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын Қазақстан 2015 жылы ратификациялағанын, сол арқылы бірқатар міндеттемелерді өздеріне алғанын еске салады: «Біз, төменде қол қойған Қазақстандағы мүгедектігі бар жандар келесілерді талап етеміз:

1) барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жәрдемақыны 100 пайызға көбейту.

2) барлық топтағы мүгедектігі бар жандарды жалға алу құқығында емес, меншік иесі құқығында кезектен тыс тұрғын үймен қамтамасыз ету.

3) Коронавирусқа байланысты әрбір мүгедектігі бар жанға бір реттік көмек ретінде 100000 теңге төлеу.

«Үкімет тарапынан әлі күнге дейін ешбір реакция жоқ», — дейді құжат авторларының бірі, Махаббат ҚҰСАЙЫНОВА, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған Нұр-Сұлтан қаласының 2-топтағы мүгедектігі бар тұрғыны.

Кейіпкеріміз бірнеше жылдан бері шенеуніктерге жүгінумен келеді, бірақ әлі күнге дейін нәтиже жоқ. Бүгінгі таңда Махаббат билік басындағыларға баруға денсаулығы да, күші де қалмағанын алға тартады – өзі балдақпен әрең қозғалады, сонымен қатар қолында кішкентай баласы бар.

— Менің аяқтарым ауырады, тіземнен жарақат алған едім. Қазақстанда менің ауруыма ем көрсете алмайды, шетелге баруға мүмкіндігім жоқ. Өзім кішкентай баламмен жатақханада тұрамын, бөлмем 4-қабатта, осы биіктікке мініп-түсу менің негізгі ауруымды асқындыруда, салдарынан травматолог айтқандай аяғымды кесіп тастауға болатын деңгейге жақындап келемін. Мен өзім бұрынғы медициналық қызметкермін, бірақ денсаулық сақтау саласында өзіме көмек көрсете алмаймын. Ата-анам, туысқандарым жоқ, баламды жалғыз тәрбиелеп отырмын. Балам бұрын жиі ауырса, бүгінде үнемі ауыратын болды. АКДС вакцинациясынан кейін невралгиялық салдары бар. Осындай дәрменсіздік салдарынан психологиялық күйзеліске түсіп отырмын. Үкіметтен ең болмағанда баспанаға көмектесуді сұраймын. Біздің тұрып жатқан бөлмеміз әкімдіктің теңгерімінде, бөлме үшін жалдау ақысы мен коммуналдық қызметтер ақысын төлеп отырмын.

Бұл баспана уақытша баспана болып табылады. Жатақханада ылғал бар, біз астма және аллергиямен ауырамыз. Мен күшімді сарқып біттім. Денсаулығым қалмады. 4 қабаттағы бөлмеме күн сайын қандай азаппен көтерілетінімді білсеңіздер…

Сұрақтар көп, жауап жоқ

Махаббаттың айтуынша осындай проблемалардың тізбегі жетерлік, бар күшімен билік пен мүдделі азаматтардың назарын аударуға тырысып жүрген жандар жетерлік екен.

— Бізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жалпы ортақ чат бар, ол жерде біз өз проблемаларымызды, қажеттіліктерімізді айтып өзара бөлісіп отырамыз. Проблемалардың ең өзектісі – баспана мәселесі. Көптеген жандар жалдамалы бөлмелерде, кейбіреулері саяжайларда тұрады және т.б.

Жалпы алғанда шешімі табылмай жатқан қаншама мәселелер бар: мүгедектігі бар жандарға арналған сапалы арбалар мен ортопедиялық аяқ киіммен қамтамасыз ету, инватаксимен жүру мүмкіндігі, жеке көмекшілерге ақы төлеу, әлеуметтік қызметкермен қамтамасыз ету және т.б.

Яғни мүгедектігі бар жандардың әр тобының мәселелері, ал мүмкіндігі шектеулі балалардың өз шешімін таппаған мәселелері жетерлік екені анық.

Петиция жолданғаннан бері әлі ешкім бізге хабарласқан жоқ. Біз үндеуіміздің Елбасына жетіп, бізге, мүгедектігі бар жандарға назар аударып, бізбен ең жоғары деңгейде диалог жүргізгенін қалаймыз.

Біз биліктен мүгедектігі бар жандар санатына меншік иесі құқығында кезектен тыс үй берілуін немесе мемлекеттен тұрғын үй төлемін бөлуді талап етеміз.

Бізді нақты қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді талап етеміз. Себебі көптеген дәрі-дәрмектерді сатып алу керек.

Мүгедектігі бар жандарға, олармен еріп жүруші тұлғаларға да тегін санаториялық-курорттық емдеу ұсынуды талап етеміз.

Пандустар туралы мәселе — шешімі жоқ мәселе болып қала бермек. Тірек-қимыл аппараты бұзылған жандарға инватакси ұсынылса деген тілек бар. Мысалы, мен балдақпен жүрсем де, қоғамдық көлікке көтеріле алмасам да маған инватакси бермейді. Ондай такси үшін мен қозғалыссыз жатуым керек екен. Сонымен қатар жәрдемақы көтерілсе екен дейміз, менің барлық ақшам дәрі-дәрмекпен кетеді. Ал балама дәрі-дәрмектен бөлек, киім-кешек, азық-түлік те керек.

 

 

Источник: caravan.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×