Now Reading
«Гаджеттер балалардың психикалық денсаулығына әсер ете ме?» деген сұраққа ғалымдар жауап іздеп көрді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Гаджеттер балалардың психикалық денсаулығына әсер ете ме?» деген сұраққа ғалымдар жауап іздеп көрді

«Гаджеттер балалардың психикалық денсаулығына әсер ете ме?» деген сұраққа ғалымдар жауап іздеп көрді

Зерттеу барысында балалардың гаджеттерді қолдануы мен олардың психикалық денсаулығы арасында іс жүзінде ешқандай байланыс жоқ екендігі анықталды, — деп хабарлайды Оксфорд Интернет институтының сайты.
Оксфорд университетінің ғалымдары АҚШ пен Ұлыбританиядан келген 430 мыңнан астам жасөспірімді қамтыған 30 жылдық ауқымды зерттеу жүргізген. Зерттеудің мақсаты әлеуметтік желілерді пайдалану мен балаларда депрессия, эмоционалды және мінез-құлық проблемаларының пайда болуы арасындағы байланысты анықтау болды. Сонымен қатар мамандар теледидар мен сандық құрылғылардың суицид туралы ойлармен байланысын зерттеді.
Жалпы 1991 жылдан 2019 жылға дейін АҚШ пен Ұлыбританияда 10 мен 15 жас аралығындағы 430 561 балаға бақылау жүргізілді. Балалардың технологияларды пайдалануы және психикалық денсаулығы туралы мәліметтер жыл сайынғы сауалнама арқылы жиналды.
Технология мен психикалық денсаулық арасындағы сегіз байланыстың ішінде зерттеу авторлары тек үшеуін растады: әлеуметтік желілерді пайдалану және теледидарды қараудың депрессиямен тығыз байланысы байқалмады, бірақ әлеуметтік желілердің эмоционалдық проблемалармен байланысы күшейе түсті.
«Зерттеу іс жүзінде балалардың технологияларды қолдануы мен олардың психикалық денсаулығы арасындағы байланыстың артып келе жатқандығына ешқандай дәлел таппады», — дейді Оксфорд Интернет институтының профессоры Энди Пржибильськи.
Алайда авторлар бұл өзгерістер мардымсыз деп көрсетті, өйткені өткен жылдардағы мәліметтердің жеткіліксіздігі және балалардың жауаптарының дұрыстығын тексере алмау зерттеуге шектеулер қойды.
Бұған дейін психологтар балаға смартфонмен, теледидармен немесе планшетпен уақыт өткізу қалай әсер ететінін айтқан. Сондай-ақ мамандар балаларға мобильді ойындар ойнауға тыйым салу туралы кеңес берді.

 

 

Источник: Tengrinews

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×