Now Reading
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасына қосымша шаралар енгізілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасына қосымша шаралар енгізілді

Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасына қосымша шаралар енгізілді

Атап айтқанда қолдау шаралары кәмелетке толмағандардың және мүгедектігі бар жандардың заңды өкілдері болып табылатын ипотекалық қарыз алушыларға көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұрғын үй ипотекасы несиелерін қайта қаржыландыру бағдарламасына халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен қарыз алушыларға қосымша қаржылық көмек көрсетуге бағытталған өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады, — деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Қабылданған түзетулер қиын жағдайға тап болған және кірісі жоқ азаматтарға, 2004 жылдан 2009 жылға дейінгі мерзімде теңгемен ипотекалық несие алған, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасында берілген заемдарға қатысты.

Қаржылық қолдау шаралары келесі тұлғаларға қосымша ұсынылатын болады:

• кәмелетке толмағандардың және/немесе мүгедектігі бар жандардың заңды өкілдері болып табылатын ипотекалық қарыз алушыларға, сондай-ақ олардың қамқорлығында (асырауында) ХӘОТ мәртебесіндегі жан және мүгедектігі бар азаматтарды күту мен емдеу шығындарын көтеретін қарыз алушыларға. Қамқоршылық 2021 жылдың 1 қаңтарында расталған болуы тиіс;

• таратылған «Астана Банкі» АҚ берген және бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық несиелері бар ХӘОТ санатындағы азаматтар. Бұл қарыз алушылар қаржылық көмек алу үшін банктің тарату комиссиясына тиісті өтінішпен жүгіне алады.

Қабылданған түзетулер қарыз алушылардың ХӘОТ санатындағы азаматтардың жеке кірістерін екі жалақы мөлшерінде сақтауды көздейді.

«Бұл шара осындай қарыз алушылардың бюджеттеріне түсетін қаржылық жүктемені азайтады және үнемделген қаражатты коммуналдық төлемдерді төлеуге, азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуға және басқа да маңызды және өмірлік қажеттіліктерге жұмсауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті агенттік.

Бағдарламаға енгізілген түзетулер сонымен қатар қарыз алушылардың шағымдары жөніндегі комиссия шешімдерінің орындалуы үшін банктердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Бұдан былай қарыз алушының өтініші бойынша оң шешім қабылданған жағдайда банктер үшін комиссиялардың шешімдері міндетті болады.

Түзетулер қаржыландыру немесе жалдау шарттары бойынша банктің теңгерімінен ХӘОТ санатына жататын бұрынғы меншік иесіне тұрғын үйді беру кезінде банктер өз бетінше шешім қабылдай алады және тұрғын үйді қабылдау сәтінен бастап банктің теңгеріміне арзанға бере алады.

Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары бойынша несиелері қайта қаржыландырылған, сондай-ақ тұрғын үйі банктің теңгеріміне берілген ХӘОТ санатындағы қарыз алушыларға көмекке жүгіну үшін банктерге тиісті өтінішті 2021 жылдың 1 маусымына дейін беру қажет.

Банктер Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (бір доллар үшін 188,35 теңге) Бағдарлама талаптары бойынша бұрын біржақты айырбасталған қарыздарды қайта қаржыландыруды аяқтауда. ХӘОТ санатындағы қарыз алушылар үшін 3% және басқа қарыз алушылар үшін 12% мөлшерлемемен шетелдік валютадағы ипотекалық несиені қайта қаржыландыру үшін банкке 2021 жылдың 15 желтоқсанына дейін жүгіну қажет.

 

 

Источник: inform бюро

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×