Now Reading
Астаналық жігіт 45 күн ішінде еліміздің 7 аймағында велошеру жасамақ
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астаналық жігіт 45 күн ішінде еліміздің 7 аймағында велошеру жасамақ

Астаналық жігіт 45 күн ішінде еліміздің 7 аймағында велошеру жасамақ

Елорда тұрғыны Алмат Балтабеков Қазақстанның 7 облысы бойынша 45 күндік велошеру жасауға  дайындалуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Веломарафон елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» КММ және Алматы облысының жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Алмат Балтабеков үш мың шақырымға жуық жерді велосипедпен жүріп өтпекші. Ол табиғаты көркем аймақтарға сапарларын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады. Велошеруге қатысушы өзінің спортқа деген құштарлығын әкесі оятқанын айтады. 

«Мен бала кезімнен туған елімнің кең жайылған далаларын көруді армандадым. Велосипедпен жүру әр аймақтың көрікті жерлерін тамашалауға мүмкіндік береді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мен Нұр-Сұлтан қаласынан  Талдықорғанға дейін үш мың шақырым жерді велосипедпен жүріп өтуді шештім. Сапар барысында мен Қорғалжын қорығындағы қоқиқаздарды, Шұбаркөл, Ұлытау, Сәтбаев, Жезқазған, Түркістан, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Меркі, Алматыдағы әдемі жерлерді көруді жоспарлап отырмын, сонымен қатар Жамбыл облысындағы Айша-Бибі кесенесіне барамын. Маған қолдау көрсеткендерге алғысымды білдіремін, барлықтарыңызды спортпен шұғылдануға шақырамын», — деді Алмат Балтабеков.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин мұндай іс-шаралар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ деп баса айтты.

«Жалпы мұндай бастамалар біздің азаматтарымыздың спорттағы шексіз мүмкіндіктерін дәлелдеуге деген құлшынысын көрсетеді. Жастарға арналған осындай спорттық бастамаларды мотивациялық әрекеттер ретінде іске асыруға әрқашан тырысамыз. Осы сапарға сәттілік тілегім келеді!» — деп  қосты Шыңғыс Тілеулин.

Велошеру «Тәуелсіздік ұрпақтары» акциясы аясында ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

Источник: inform.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...