Now Reading
Онколог бауыр қатерлі ісігінің негізгі себептерін атады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Онколог бауыр қатерлі ісігінің негізгі себептерін атады

Онколог бауыр қатерлі ісігінің негізгі себептерін атады

Бауыр қатерлі ісігінің қаупін жою үшін қандай тағамдар мен әдеттерден бас тарту керек деген сұраққа Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкологы Ілияс Нұрсейітов жауап берді. 

Онколог Ілияс Нұрсейітовтің айтуынша, бауыр қатерлі ісігінің дамуының негізгі қауіпті факторлары созылмалы В және С гепатиттері, бауыр циррозы. 

«Бауыр қатерлі ісігі бар науқастардың 80-85% вирустық гепатитке шалдыққан. Бауыр циррозы онкологияға да әкеліп соқтырады. Алкогольді цирроз, уытты гепатит, есірткі пайдалану, үнемі канцерогендерді тамақ тұтыну, паразиттік аурулар, созылмалы өт жолдарының ауруы- осының бәрі бауырдың қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін», — деп ескертті дәрігер. 

Бауыр қатерлі ісігінің алдын алу шарасы ретінде онколог алкогольді, химиялық заттарды теріс пайдаланбау, В және С гепатитіне қарсы вакцинаны уақытында алу немесе уақытында емделу, артық тамақтанбау, артық салмақпен күресу, жылына кемінде бір рет дәрігерлердің профилактикалық тексеруінен өту керек деп атап өтті. 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: nur.kz

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...