Now Reading
Петропавл қаласының тұрғындары иттерімен мектеп аумағында серуендегені үшін жазаланды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Петропавл қаласының тұрғындары иттерімен мектеп аумағында серуендегені үшін жазаланды

Петропавл қаласының тұрғындары иттерімен мектеп аумағында серуендегені үшін жазаланды

Петропавл қаласының тұрғындары №10 мектеп аумағында кей тұрғындардың иттерімен серуендейтініне наразылық білдіріп полицияға жүгінген. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 7-708-432-46-00 WhatsApp нөміріне қырағы тұрғындардан хабарламалар келіп түскен. 

«Тексеру барысында иттері бар алты адам анықталды. Мектеп аумағында жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үй жануарларымен серуендейтін болып шықты. Бұл тұрғындар күндіз бұл жерде балалардың жүретіндігін тіпті ескермеген. Учаскелік инспектор аталған тұрғындардың иттер мен мысықтарды ұстау және серуендеу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырған. Профилактикалық әңгіме жүргізіліп, білім беру және медициналық мекемелер аумағында, стадиондарда, саябақтар мен алаңдарда иттерді серуендеуге тыйым салынатындығы түсіндірілген. Бұл антисанитариялық жағдайлар ғана емес. Сонымен қатар қауіпсіздік шаралары болып табылады. Қала тұрғындары иттерін тұмсыққапсыз алып жүреді», — деді қалалық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Полиция қызметкері қазіргі уақытта ең тиімді байланыс құралы «102» мобильді қосымшасы екенін атап өтті. Бұл қосымша әлеуметтік желілермен бірдей функционалдылыққа ие, полицияға аудио, фото және видео файлдарды жіберуге, қызметшілермен бейне қоңырау арқылы байланысуға мүмкіндік береді. Әрбір өтініш ресми негізде автоматты түрде тіркеледі.

 

 

 

 

 

 

 

Источник: inform.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...