Now Reading
Ақмола облысында жетім балаларды тамақтандыруға арналған ақша ұрланып келген
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақмола облысында жетім балаларды тамақтандыруға арналған ақша ұрланып келген

Ақмола облысында жетім балаларды тамақтандыруға арналған ақша ұрланып келген

Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі мен Аружан Саин жетім балаларды қорғау жобасын дайындады. «Qamqor» әлеуметтік жобасы тек құқық бұзушылықтар деректерін анықтауға ғана емес, сонымен бірге балалардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі «әлсіз» тұстарын жоюға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Аружан Саинмен бірге ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, «Qamqor» әлеуметтік жобасын іске қосты.

ҚМА баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба тек құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі «әлсіз» тұстарын жоюға бағытталған.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысында балалар үйінің қызметкерлеріне жалақының артық төленуі мен бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуы бойынша іс тергелуде.

Павлодар облысында 5 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру белгілері анықталды, оларды балалар ауылының аумағын абаттандыру бойынша жұмыстарға бағыттау қажет болған.

Ақмола облысында жетім балаларды тамақтандыруға арналған қаражатты ұрлау фактісі орын алған.

«Қазірдің өзінде 15 мекемеге қатысты құқық бұзушылықтар анықталып, 7 қылмыстық іс тіркелді. Алдын алу шаралары жалғасуда, — делінген хабарламада.

 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: newtimes.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×